Астық бойынша халықаралық кеңес қазақстандық бидай экспортының болжамын арттырды

Қазақстан биылғы маусымда 12,9 млн тонна бидай өндіретін болады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн тоннаға артық (2019 жылы 11,5 млн тонна). Бұл туралы жаһандық нарықты сараптайтын астық жөніндегі халықаралық кеңестің  сәуір айындағы шолуында хабарланды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, ағымдағы  2020-2021  жылдың басында Қазақстандағы  бидай қалдығы - 2,1 млн тонна (өткен жыл басында 1,8 млн тонна)  болып есептеледі.

Қазақстанда өндіріс деңгейінің жоғары болуы солтүстікте егіс науқаны қарсаңында қолайлы жағдайдың қалыптасуымен байланыстыруға болады. Алайда, бұл әзірге болжам ғана екенін айта кету керек. Егер елімізде жаз мезгілі жаңбырлы болса, (ал Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, шілде айында ауа-райы жақсы болады деген болжам жасаған), онда АХК-ның болжамы артатын болады. Мысалы, 2018 жылы қазақстандық фермерлер 13,9 млн тонна бидай тартқан еді.

Тақырыпты оқу:  Қазақстандағы ауа-райы егіс  науқаны үшін өте қолайлы

Жинаған өнімді тұтыну мәселесіне келетін болсақ, өткен жылмен салыстырғанда азық-түлікті пайдалану деңгейі бұрынғы қалпында қалып отыр (2,3 млн тонна), ал мал азығы-жем 0,3 млн тоннаға азайған (бұрын 2 млн тонна болған). Әлбетте, бұл жем өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

Осындай жұмыстарға байланысты АХК болжамында Қазақстан сыртқы нарықтарға осы жылға қарағанда 1,6 млн тоннаға артық бидай ұсына алады деп күтілуде. Былтырғы жылы -5,9 млн тонна болса, биыл -7,5 млн тонна болады деген болжам бар.

2021 жылдың 1 шілдесінде қордағы астық қалдығы 1,6 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

Жалпы астық мөлшері бойынша болжамға келетін болсақ, биылғы жылы Қазақстанда астық- 18,3 млн тонна деңгейінде болады деген болжам бар. Оның ішінде өңделетіні-0,2 млн тонна, азық- түлік ретінде пайдаланатыны-2,5 млн тонна, жем-шөп ретінде-5 млн тонна пайдаланылатын болады. Ел экспортқа аталған өнімнің барлық түрінен- 9 млн тонна астық жібере алады (2019 жылы 7,5 млн тонна болған еді). Сарапшылардың талдауы бойынша наурыз айымен салыстырғанда   0,1 млн тоннаға артты.

Соңғы жылдары Қазақстан астығының ішкі нарығына Ресей үлкен әсер етуде: астық бағасы көбінесе шекараға байланысты. Сондықтан, жаңа ағымдағы жылы АХК болжамы бойынша  Ресейде бидай өндіру төмендеуі мүмкін.

Тақырыпты оқу: Сарапшылар болжамы бойынша Қазақстанда астық  10%-ға артады

Сарапшылардың наурыз айындағы шолуында 80 млн тонна болса, сәуір айындағы көрсеткіш 79-ға дейін төмендеген. Бұл жазда  рекордтық деңгейде жоғары температура болады деген синоптиктердің болжамдарымен байланысты айтылған шығар.  РФ экспортқа бидайды  1 млн тоннаға аз шығарады, ол көрсеткіш наурыз айында – 37,4 млн тонна болады деп күтілген еді.

Ресейде астықтың барлық түрлерін өндіру 119,8 млн. тоннадан 118,8 млн. тоннаға дейін азайды. Алайда, 2020-2021-жылдары экспорт мөлшері бұрынғысынша жоғары болып отыр, ол -47 млн тоннаны құрайды (ағымдағы жылы-38,7 млн тонна болған еді).

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.