Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Не себепті Қазақстандық әулиекөл тұқымы №1 таңбалы ет бола алады?
Әулиекөл тұқымы - қазақстандық сиыр етінің мақтанышы болып табылады. Аталған ет шаруашылығы 1962 жылы шыққан еді. Еттің өнімділігі мен сапасы жағынан әлемдегі ет түрлерінен кем болмайтындай сапалы ірі қара мал сұрпын дамыту міндеті қойылған кезде пайда болған еді. 30 жыл бойы Қазақ КСР-нің Қостанай облысына қарасты Москалевский ауылында әулиекөлдік малдарды өсіру жұмыстары жүргізілуде.
Ірі қара малдың осы түрінің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы бізге Әулиекөл тұқымы бойынша республикалық палатаның директоры Нұрғали Бисекенов айтып берді.
Селекционерлердің мақсаты құрғақ далалы жерде және күрт континенталды климат жағдайында (қысқы жайылым кезеңі мен құрғақ жазды ескере отырып) тез және үздіксіз көбейетін мал басын арттыру болды. Аталған мал түрі жаз кезінде қатты және шырынды жемшөпті, сондай-ақ жазық жайылымды тиімді пайдаланады. Соның арқасында сойылатын еттің салмағы 56-60% мөлшеріне жетіп, жақсы бейімделген.
Нәтижесінде 1992 жылы әулиекөл малдың бір тұқымы ретінде шығарылды.
«Аталған асыл тұқымды малды шығару үшін негізінен үш тұқым түрі қолданылды — қазақтың ақбасы малы, абердин-ангус және шароле», — деді Нұрғали Бисекенов. — Жоғарыда аталған барлық тұқымдар әулиекөл тұқымына ең күшті қасиеттерді бере отырып өзіндік ерекшеліктерді біріктірді. Қазақтың ақбасы әулиекөлі еліміздің климаттық ерекшеліктеріне жақсы бейімделді. Шароленің етжеңдігі,өсімшеңдігі, абердин-ангустан — етінің жеңілдігі, нәзіктігі, дәмді мәрмәр ет қасиеттері қабылданд. Қазақы ақақбас тұқымы етінің дәмдік қасиетін бойына жинақтаған жаңа типтес жоғары өнімді мал өсірілді.Қазақтың ақбас сиыры тұқымына қарағанда өзінің еттілігімен, етінің жоғары сапалылығымен ерекшеленеді»-деді маман.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 60 мыңнан астам әулиекөл тұқымды мал бар. Олардың ішінде асыл тұқымдық куәлігі бар 30 мың мал аталған тұқымды жақсарту жұмыстарына қатысады.
Әулиекөл тұқымының республикалық палатасына Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 100 жеке шаруашылық кіреді.
«Сонымен бірге, әулиекөл малы бар барлық фермалар палатаның мүшесі бола бермейді», — деп түсіндірді Нұрғали Бисекенов. — Олар тек асыл тұқымды бұзауды сата бастаған кезде ғана осы топқа кіреді. Жалпы, әулиекөл тұқымды малы бар шаруашылықтар
бірнеше деңгейге бөлінеді. Кейбіреулері тұқымның тазалығын сақтайды, оның қасиеттерін жақсарту үшін өсіреді; басқалары мұнымен айналыспайды, бірақ тауарлық сипатын сақтай отырып, малды сатумен айналысады. Олардың асыл тұқымды деген куәліктері жоқ; басқалары жай асыл тұқымды бұқаларды сатып алып, олардың ет сапасын жақсарту үшін оларды асыл тұқымды ірі қара малымен будандастырады.
Әулиекөл малдарға арналған негізгі асыл тұқымды ферма Қостанай облысындағы «Москалевское» ЖШС болып табылады. Тұқымның шыққан жері. Қазақстандағы осы асыл тұқымды өсірумен табысты түрде айналысатын фермалар қатарына «Диевская» ауылшаруашылық серіктестігі және Қостанай облысындағы «Тимофеевка АГРО» компаниясы және Қарағанды облысындағы «Қайнар» ЖШС кіреді.
Нұрғали Бисекеновтың айтуынша, фермерлер Әулиекөл тұқымын сатып алуды жөн көреді, бұл ең алдымен бұлшықетінің тез өсуіне және ет сапасының жақсы болуына байланысты. Ол сондай-ақ, бұл малдарға азық таңдау оңай, өйткені олар әртүрлі шөптерді, тіпті басқа малдар жей алмайтын шөптерді жеп, қорыта алады.
Тағы бір айтарлық жағдай: малды жарамсыз жеммен азықтандыру мүмкін емес, тек әулиекөл ірі қара мал жемді жақсы «сіңіре» алады, сондықтан фермерлер шөп шабу кезінде шөпті таңдамайды.
Жайылымдарда бұл тұқым өте салмақты және еркін жайылады, малдар жайылымдағы бар шөпті жеп тауыспайынша, еш жерге шашырамайды, олар басқа жерге бытырап кетпейді.
«Әулиекөл» асыл тұқымды малының тірідей салмағы өтеүлкен болады. Ересек бұқалар 1200 кг, сиыр 630 кг тартады және одан да көп болады. Малды сойғандағы ұша шығымы — 60-63%. Дене бұлшықеттері өте жақсы дамыған. Басы кішкентай, көбінесе мүйізсіз. Мүйізініңболмауы міндетті емес, бірақ тұқымдық стандарттарға сәйкес, табындағы жануарлардың 70% -ы мүйізсіз. Бүгінгі күні мүйізсіз малдың саныі 80%-дан асады. Мойны күшті, бұлшық еті жақсы дамыған, кеуде қуысы терең, артқы және төменгі жағы кең. Денесінің артқы үштен бір бөлігі жақсы дамыған.
Малдың түсі негізінен ашық сұр. Конституциясы мықты. Азық сапасы нашарлағанда және мөлшері азайған кезеңдерде төзімділігін көрсетеді. Қыс мезгілінде денесінде қалың түк пайда болады.
«Әулиекөл» асыл тұқымды малының тірідей салмағы өтеүлкен болады. Ересек бұқалар 1200 кг, сиыр 630 кг тартады және одан да көп болады. Малды сойғандағы ұша шығымы — 60-63%. Дене бұлшықеттері өте жақсы дамыған. Басы кішкентай, көбінесе мүйізсіз. Мүйізініңболмауы міндетті емес, бірақ тұқымдық стандарттарға сәйкес, табындағы жануарлардың 70% -ы мүйізсіз. Бүгінгі күні мүйізсіз малдың саныі 80%-дан асады. Мойны күшті, бұлшық еті жақсы дамыған, кеуде қуысы терең, артқы және төменгі жағы кең. Денесінің артқы үштен бір бөлігі жақсы дамыған.
Малдың түсі негізінен ашық сұр. Конституциясы мықты. Азық сапасы нашарлағанда және мөлшері азайған кезеңдерде төзімділігін көрсетеді. Қыс мезгілінде денесінде қалың түк пайда болады.
Жас мал тез өседі, семірту арқылы орташа тәулікте тірі салмағын 950-1100 граммға дейін жеткізуге болады. Сондықтан жас малды 15-20 айдың ішінде сойған дұрыс. Бұл жаста бұқалардың тірі салмағы 420-500 кг жетеді, ал осы жастағы малдың дәмі өте жақсы болады. Денесіне май жиналып, бұлшықет талшықтарының арасына қан жүріп, еттің «мәрмәр» ет болатын кезі осы шақта.
«Өткен жылы Қазақстанда 5000 жас мал сатылды, оның ішінде 3500 бұқа және 1500 бас бұзау болды», — деді Нұрғали Бисекенов. — Бұқалардың бағасы аймаққа байланысты 350-ден 450 мыңға дейін болады. Жас бұқалардың бағасының стандартты формуласы тірі салмақтың килограммына 1200 теңге құрайды.
Қазіргі уақыттағы басты мәселе Нұрғали Бисекеновтың айтуы бойынша, асыл тұқымды аналық малдың аз болуы. Қарапайым сөзбен айтқанда, сиырлардың жетіспеушілігі, осыған байланысты көптеген фермерлер оларды сатқысы келмейді. Бұл, әрине, мал басының өсу қарқынын төмендетеді.
Тұқымның дамуына кедергі келтіретін кемшіліктердің бірі — логистиканың әлсіз болуы. Көптеген фермерлер асыл тұқымды бұқаны сатып алуға батылы жетпейді, өйткені оны дәл сол Қостанай облысынан, мысалы, елдің оңтүстігіне немесе батысына тасымалдау қиын - бұл өте қымбатқа шығады. Осыған байланысты, сату көлемі төмендейді.
Алайда, қандай қиындық немесе мәселе болса да аталған тұқымның дамуын тоқтата алмайды, өйткені ол өте сапалы. Бұған мынандай фактілер дәлел бола алады: 2002 жылы Женева көрмесінде «Әулиекөл» еті сапасы үшін бас жүлдені алды. Ал 2004 жылы «Москалевское» ЖШС тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Әулиекөл тұқымына №1 патент алды.
«Егер Кеңес Одағы кезінде қазақтың ақ бас малын асыл тұқымды мал ретінде санын көбейту, дамыту, өсіру жөніндегі мемлекеттік жоспар болса, Әулиекөл тұқымы жеке бизнес пен еркін нарық жағдайында дамыды», — деді Нұрғали Бисекенов. — Біздің аталған тұқымда мақтағанымыз жай ғана сөз болса, онда «әулиекөл» тұқымы қазір жоқ болар еді. Жас тұқымның қиын жағдайда бәсекелестікке төтеп бергендігі сапасының жақсы екендігін дәлелдейді. Әрі қарай жақсы дамыту және кеңінен тарату арқылы ол Қазақстан Республикасының ет брендінде негізгі орынды ала алады.