Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Білімі
1993 ж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик.
1996 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген
1998 ж. – Вашингтон қ. (АҚШ) Джорджтаун университетін тәмамдаған.
Карьерасы
- 1993 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.
- 1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің аға сарапшысы.
- 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі директорының орынбасары, департамент директоры.
- 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
- 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
- 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі.
- 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
- 2006-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасы.
- 2008 ж. қаңтар-қазан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
- 2008-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы.
- 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
- 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
- 2013 ж. қазан – 2015 ж. қараша – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы.
- 2015 ж. 2 қарашасынан бастап – Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатты.
- 2015 ж. желтоқсаннан бастап – Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (АХҚО).
- АХҚО-ны басқарады және АХҚО Басқару кеңесінің мүшесі.
- 2017 ж. 8 маусымнан бастап – БЖЗҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді.
Ғылыми қызметі
Бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы.
Наградалары
2005 ж. – «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталды.
Өмір сүру стилі
Отбасы: үйленген, екі баланың әкесі.
Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021