Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Бақыт Атайбеков Алматы облысы Балқаш ауданы Қарағаш ауылында дүниеге келген.
Білімі
1984 ж. – Бақыт Атайбеков Қарағаш ауылындағы орта мектепті тәмәмдаған.
1988 ж. – Алматы есеп-несие техникумын тәмәмдаған.
1998 ж. – Бақыт Атайбеков «Банк ісі» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмәмдаған.
Карьерасы
1984-1986 жылдары – Бақыт Атайбеков 1-АРО Алматы вагон жөндеу бірлестігінде слесарь болып жұмыс істеген.
1986-1988 жылдары – әскери қызметін өткерді.
1988-1992 жылдары – «Агропромбанк» АҚ бас маманы-бухгалтер.
1992-1994 жылдары – Алматы қаласындағы кооперативтік саудада дайындаушы.
1994-2000 жылдары – Бақыт Атайбеков Алматы облысы Балхаш ауданындағы «Тамшыбұлақ» ЖШС директоры.
2000-2002 жылдары – «Динара» өндірістік кооперативінің бас директоры.
2002-2004 жылдары – Қарағанды қаласындағы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Қарағанды облыстық өкілдігінің директоры.
2004-2006 жылдары – Бақыт Атайбеков Алматы қаласындағы «Бидай өнімдерінің» (Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны) бас директоры.
2006-2008 жылдары – «Динара» өндірістік кооперативінің бас директоры.
2008-2010 жылдары – DinaraRanch АФ асыл тұқымды мал зауытының бас директоры.
2010-2012 жылдары – «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы.
2012 ж. бастап – Бақыт Атайбеков Герефорд тұқымы Республикалық палатасы кеңесінің төрағасы.
Бизнес
1996 ж. – Бақыт Атайбеков анасы мен ағаларымен бірге Балқаш ауданының Миялы ауылында «Динара» өндірістік кооперативін құрды.
2008 ж. – АҚШ-тың Техас штатынан Қазақстанға 253 бас «Герефорд» тұқымды ірі қара мал әкеліп Dinara-Ranch агрофирмасын құрды. Алматы облысында ірі ауылшаруашылық кешенін құрды, оған «Динара», Dinara-Ranch АФ, AGRO-FOOD, «Қапшағай бидай өнемдері» және «Алматы» асыл тұқымды мал шаруашылығы» ауыл шаруашылық саласының кәсіпорындары кіреді.
2012 ж. – Dinara-Ranch АФ Герефорд тұқымы Республикалық палатасының құрылтайшысы болып танылды, ол Калгари қаласында (Канада) өткен Герофорд Дүниежүзілік кеңесінің жалпы жиналысында осы ұйымның толыққанды мүшесі мәртебесін иемденген.
2015 ж. күзде Бақыт Атайбеков заманауи бордақылау кешенін салып, пайдалануға берді. Мамандандырылған мал соятын цех, ет және шұжық өнімдерін шығаратын шеберхана салды. Алматы қаласында дүкен ашты.
Наградалары мен атақтары
Бақыт Атайбеков «Құрмет» орденімен марапатталды.
2013 жылғы маусымда Қазақстандағы Канада елшілігінде Канаданың Герефорд қауымдастығының атынан Бақыт Атайбековтың атынан «Dinara-Ranch» ауылшаруашылық фирмасы «Канадалық Герефордтардың құрметті өсірушісі» сертификатымен марапатталды
Қызықты фактілер
- Өмірлік ұстанымы: «Түстік өмірің қалса, күндік мал жина».
- Атайбековтер мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық көмек көрсетеді және жыл сайын көп балалы отбасыларға балаларды мектепке дайындауда көмектеседі. Ақөзек ауылында оқушылардың мектепке баруы мен қайту көлігін қамтамасыз етеді.
Бақыт Атайбеков туралы не айтады/жазады
«Біздің әріптесіміз Өңірлік кеңес мүшесі Бақыт Атайбеков Балқаш ауданының басты меценаты. Бақанас ауылында мешіт салып берді, Миялыда жұмысшылар үшін үй салды, жыл сайын ауданның әлеуметтік, білім беру ұйымдарында қаржылық қолдау көрсетіп отырады.» (Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы, «Алматы бояулары» директорлар кеңесінің төрағасы Римма Салықова, қыркүйек 2017 ж.)
«Шындығында, Атайбеков мінезінің бір маңызды ерекшелігін атап өткен жөн: ол жаңа жобаларды жоспарлағанда тәуекелге барғанды ұнатады. Осындай бастамалардың бірі – мыңдаған ақ қаздар алу. Аймақтағы жұрт таң қалмады, Бақбақты ауылы маңында мыңдаған үй құстарының кенеттен пайда болуына тыным таппайтын көршілерінің себепкер болғанын түсіне қойды.» (қараша 2012 ж.)
Цитаталары
«Қазақтай ат құлағында ойнайтын халық жоқ», «Қазақ төрт түлік малдың жөнін біледі», «Мал – ырысың» деп айтамыз, ал іс жүзінде солай ма? Техасқа барғанымызда ковбойларды көріп, нағыз ауыл шаруашылығының жөнін білетін кәсіпқойлар екеніне көзіміз жетті. Қазақ жігіттеріне қарап қарным ашады. Бізге, әсіресе, ауылдық жерде істейтін шаруа шаш етектен. Көңіл бөлсе, қажыр-қайрат танытса, ауыл шаруашылығы – кәсіптің көзі, ырыс пен берекенің бастауы. Сондықтан да жастарды ауыл шаруашылығына қарай бейімдеу керек. Өсіп-өнген азаматтар ауылын көркейтуге, ауылын дамытуға күш салуы тиіс.» (2016 ж.)
«Күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс қолдана білсеңіз, онда ауыл шаруашылығы да табысты іске, тіпті отбасылық бизнеске айналатыны анық.» (2016 ж.)
«Ауылдың әрбір тұрғыны ортақ іске өз үлестерін қосып, қажымай еңбек ететін болса, онда мұндай халықтың болашағы зор.» (2016 ж.)
«Жастармен әр кездесуімде мен оларға ауыл ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтудан шаршамаған емеспін. Ірі қалаларда сеңделіп, әртүрлі құрылыстарға қара жұмысшы болып нәпақа тапқанша, мал өсіріп, аз да болса өз шаруашылығының қожайыны болғанға не жетсін. Өз күшіне ғана сен: өсір, өндір, көбейтіп ақша тап! Қасиетті қазақ жері еңбектенгенді асырайды.» (2016 ж.)
«Болашақта еліміздің иесі – өскелең ұрпақ.» (2016 ж.)
«Ауылда нақты мамандар тапшы, аға буын мамандарды ауыстыратын адам қалмады.» (2016 ж.)
«Ауыл – қазақтың жаны, ауыл – қазақтың кеңдігінің көрінісі. Мен күнделікті күйбең тірліктен соң ауыл ақсақалдарын іздеймін. Солармен бір дастархан басында ақыл-кеңес құрып, әңгімелескенге не жетсін. Осындай ортада демалып қаласың, жаңа идеялар туады, әкеммен сырласқандай күйде боламын. Үлкенге ізет көрсеткенің – ізбасарларға үлгі.» (2016 ж.)
«Мемлекет басшысы еңбек адамының рөлін арттыру және жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау міндетін қойды. Осыны басшылыққа ала отырып, біз жұмыс үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мәселен, Миялы ауылында мамандарға арналған коттедждер, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық корпустар, соның ішінде шалғайдағы жайылымдар салынды. Осы мәселелерді шешу бізге еңбек жағдайларын жақсарту ғана емес, сонымен бірге ауылдағы жұмыстарды тартымды ету мүмкіндігін береді. Мұндай жұмыстар адамдарды жұмыс орнын бағалауға, жауапкершілікке, сабақтастыққа және бір-біріне көмектесуге жетелейді. Бұл бірлескен еңбек ұжымының белгілері.» (2016 ж.)
«Зейнетақыны кәдімгі киіммен, сабынмен және басқа табиғи өнімдермен төлеген замандар да өтті. Ол қиындықтың бәрі артта қалды. Балаларымызға айтсақ, сенбейді.» (2016 ж.)
«Қаз шаруашылығын игермес бұрын көп ойландым. Соңғы жылдары сауда орындары сөрелерінен емдәмдік қаз еті жоғалып кетіп еді.» (қараша 2012 ж.)
Отбасы
Үйленген, үш баласы бар.