2019 жылы T.K.Exports, Inc Қазақстанға 12 мың ірі қара мал әкелді

2019 жылы ҚР-ға 12 мың асыл тұқымды ірі қара мал басын T.K.Exports, Inc компаниясы алып келді.

Бұл туралы AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде  аталған компанияның өкілі Сергей Красов айтты.T.K.Exports, Inc компаниясы 2 мыңнан көп мөлшерде ірі қара малды Америкадан және Австралиядан тасумен  айналысады. Сондықтанда олардың тұтынушылары ірі компаниялар болып табылады.

«Біз әдетте үлкен компаниялармен бірге жұмыс істейміз немесе мал шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалар аясында өтінімдер қабылдаймыз. Сонымен қатар шағын фермерлер бірігіп, бір үлкен сатып алушы ретінде бізге тапсырыс берсе олармен де бірлесе жұмыс істейміз», — деп түсіндірді Сергей Красов.

Сондай ― ақ, T.K. Exports, Inc өкілдері үшін көрме-бұл өз қызметтерін көрсету құралы ғана емес, тұрақты тұтынушыларымен кездесуге, мал шаруашылығының ет өнімдерін сатумен айналысқысы келетіндермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік екенін айтты.

Сергей Красовтың айтуынша, компания ҚР нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде олар Республикаға 50 мыңға жуық ет бағытындағы ірі қара мал басын сатқан.

«Қазақстанның табиғат жағдайы мал өсіру үшін өте қолайлы. Сондықтан да біз негізінен ет бағытындағы ангус пен герефорд тұқымдас малдарды әкелеміз. Бұл сиырлар бүкіл әлемде өнеркәсіптік мал шаруашылығының негізі болып табылады. Сонымен қатар сүтті ірі қара малды да жеткіземіз. Олардың мөлшері көп емес, бірақ тапсырыс болса, ондай сиырларды да әкелумен айналысамыз», — деді Сергей Красов.

Қазақстан мал шаруашылығымен айналысу керек, тіптен тиіс деп айтуға болады, деп ол өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстан 58 мыңнан астам ірі қара малды импортқа алған. Бұл 2010-2016 жылдар арасындағы 57 мың бас малдан артық екенін көрсетеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, ірі қара мал басын арттыру мал шаруашылығына бөлінген қосымша қаржыландыру арқылы орындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017-2021 жылдарға АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстанда ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту шаралары қолға алынады. Атап айтқанда 15 жылға 6% мөлшермен субсидия беру механизмі қарастырылған, яғни ірі қара малдың аналық мал басын импортқа алу үшін фермерлерге жеңілдікпен кредит беріледі.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.