Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Олег Даниленко Қостанай облысы Семиозерный ауданы Москалевка кентінде дүниеге келген.
Білімі
1981 ж. – Олег Даниленко Қостанай ауылшаруашылық институтын тәмамдаған.
2004 ж. – Олег Даниленко «Әулиекөл мен қазақтың ақбас сиырларының өнімді және биотехнологиялық қасиеттерін салыстырмалы зерттеу» диссертация тақырыбында ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғады.
Карьерасы
1975 ж. – Шөптікөл ауылында слесарь болып жұмыс істеді.
1981 ж. – Қостанай облысы Семиозер ауданы «Шөптікөл» бөлімшесінің зоотехнигі.
1982-1983 жылдары – «Овцевод» асыл тұқымды зауытының бас зоотехнигі-селекционері.
1983-1986 жылдары – Семиозер аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бас зоотехник.
1987-1992 жылдары – Әулиекөл ауданының «Сұлукөл» мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының бас зоотехнигі. «Сұлукөл» мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының бас зоотехнигі және директорының бірінші орынбасары.
1992 ж. бастап – Олег Даниленко «Диевская» агрофирмасында еңбек ете бастады.
1999 ж. бастап – «Диевская» агрофирмасының бас директоры.
Саяси қызметі
2016 ж. 24 наурыздан бастап – Олег Даниленко № 24 Әулиекөл сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, ауылдық аумақтарды және агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту жөніндегі комиссия төрағасы.
Наградалары мен атақтары
1999 ж. – «Ерен еңбегі үшін» медалі.
2001 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.
2004 ж. – «Тыңға 50 жыл» медалі, «Құрмет» ордені.
2005 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі.
2006 ж. – «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі.
2010 ж. – «Парасат» ордені.
2011 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.
2018 ж. – ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені.
Цитаталары
«Мен ауылда туып өстім. Ғылыми жұмыспен айналыса жүріп, диссертация үшін ауылшаруашылық өндірісті дамыту тақырыбын таңдадым. Менің бүкіл еңбек жолым ауылшаруашылық өндірісімен байланысты, сонымен бірге бүгінгі күнім мен болашағымды да сонымен байланыстырамын.» (2014 ж. мамыр)