Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
KazBeef экономиканың «негізгі саласын» құруға көмектеседі
KazBeef компаниясы өз жұмысының алғашқы онжылдығының қорытындысын 12 мамыр күні атап өтуде. Осы уақыт аралағында американдық мәрмәр сиыр етін өндіру Қазақстан жеріне бейімделді. Енді аграрлық саладағы осындай тұрақты бизнестің түрі компания ретінде қалып қоймай ауқымын кеңейтіп, бүкіл елге танылуды жоспарлап отыр.
Америкалық формат
KazBeef компаниясы Ақмола облысының жазық даласында жайдан-жай пайда болған жоқ, аталған бизнес 2010 жылы Қазақстанда ет өндірісі онша дамымай тұрған кезеңде өз жұмысын істей бастады. Мал шаруашылығы индустрия ретінде құрдымға кетіп бара жатқан кез еді. Мұның айқын көрсеткіші - республикадағы жалпы мал санынан асыл тұқымды ІҚМ саны 2% ғана болған еді (орташа әлемдік көрсеткіші 30%). Нөлдік көрсеткішке сәл ғана қалған.
Бірақ, өздеріңіз білетіндей, кез-келген дағдарыс проблема ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер болып табылады. Бұл жағдайды Бейбіт Ерубаев, KazBeef құрылтайшысы және бас директоры дер кезінде байқады.
Американдық білімі бар қазақстандық жас кәсіпкер ол кезде АҚШ-та, Солтүстік Дакотада жұмыс істеген болатын. Канадамен шекарада орналасқан бұл мемлекет сиыр етін өсіру орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, климаттық жағдайлары да Қазақстанға өте ұқсас, өйткені жазда +40 ° С, ал қыста -40 ° С болады.
Қызмет барысымен жүріп ол сиыр етін өсірудің американдық форматын зерттей отырып, Бейбіт Ерубаев оны өз елінде жасауға болатындығын түсінді. Ең бастысы ақша мен кәсіпті ашуға деген ниет қажет еді. Оның бизнес бастауға деген ниеті болды, ал серіктестері инвестициямен қамтамасыз етті. Айтқандай, олар американдық бизнес-модельді қазақстандық жағдайға бейімдеу кезінде көптеген қиындықтарға төтеп бере алмай, соңғы он жыл ішінде бірнеше рет өзгерді. Тек Еркін Тәтішевтің Kusto Group компаниясы KazBeef-тің акционері болып, қолдау көрсете бастады. Бұл серіктестік жобаға үлкен демеу болды және жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады.
Бейбіт Ерубаев- өткен онжылдықта «галерадағы құл сияқты» жұмыс істедік деп әзілдейді. Алайда, олар өздеріне ұнайтын іспен айналысқан еді. Сонымен қатар олар жетістікке жететіндеріне ешқашан күмәнданған емес еді.
Компанияның ұстанымы
KazBeef жобасы 2010 жылы АҚШ-тан 3,600 асыл тұқымды ангус, гоби мен сиыр әкелуімен басталды. Идея қарапайым да қажетті іс еді: Қазақстанда асыл тұқымды ірі қара мал болмағандықтан, табын малдың сапасын жақсарту үшін жас мал өсіріп, елдегі фермерлерге сату керек болды.
Алайда, көп ұзамай Қазақстандықтардың түсінігі басқаша екендігі белгілі болды. Американдық бизнес-модель жүзеге аспайтындай көрінді.Себебі жергілікті халық бұл шетелден келген малға басқаша көзқараста болды: фермерлерге көмірдей қара ангус сиырлары біртүрлі көрінді одан қорқатындай сияқты болды. Оның үстіне, ересек алып «сырттан келген» жануарлар біздегі майда, аштықтан қалғандай кейпі бар сиырдың қасында өзгеше болып көрінетін еді.
-«Біз Ангус малының етін ел кезекке тұрып алатын шығар деп ойладық», - деп еске алады Бейбіт Ерубаев. «Бірақ біз қателестік». Іс жүзінде ешқандай сауда болмады. Яғни, компания ашылғаннан кейін бір жылдан соң жабылып қалуы мүмкін еді. Себебі ақша төлеу оңай болған жоқ, сондықтан да бізге бірдеңе ойлап табуға тура келді.
Міне, осылайша біз «бір нәрсені ойластырумен» болдық, сөйтіп компанияның ұстанымы үнемі жаңа нәрсе ойластыру болды. Стандартты емес тәсілдерді қолдану уақыт өткен сайын компанияның жұмыс істеуіне, жаңа дағдарыстарды жеңуге және олардан шығуға мүмкіндік берді.
Осыған байланысты, 2020 жылдың мамырында KazBeef интеграцияланған холдинг болып құрылды. Бордақылау алаңы ашылды, жемшөп өндірісі басталды және заманауи асыл тұқымды ет комбинаты біртіндеп іске «қосылды». Қазіргі уақытта негізгі өнімдер - асыл тұқымды бұқалар емес, азық-түлік қауіпсіздігі бар халықаралық FSSC 22000 стандартына сәйкес вакуумдық қаптамада оралған халал сертификаты бар сиыр еті.
Аспаздық талаптар
Қазір бұл әңгімені бес минуттың ішінде айтып шығуға болады. Ал бұл жағдай Бейбіт Ерубаев пен оның әріптестері үшін қаншама уақыт еді, американдық бизнес модельден ақша табуға жету үшін ұзақ жол жүруі керек еді. Өйткені шетелдегі талаптар біздің жерімізде жүзеге аспады.
Жас малдарға деген сұраныс болмады. KazBeef 10 мың бас малға арналған бордақылау алаңын салып, өздігінен мал өсіре бастады. Бірақ «нағыз қызық» енді басталғандай болды: көп ұзамай мұндай етке деген сұраныс біздің елде жоқ екені белгілі болды! Ангус - бұл қарапайым, ұсақ тұқымды мал емес, ол басқа сиыр етінен гөрі құнды, дәмді, сапалы «мәрмәр» ет.
KazBeef компаниясы ет өңдеу зауыттарына өнімді сатып алу үшін жүгінгенде олар мұндай етті алу туралы естігілері келмеді. Ал тірі Ангусты немесе олардың етін асыл тұқымды ірі қара малды төмен бағаға беру - бұл перспективалы бизнес-жобаны кіріс әкелмейтін хоббиге айналдыру болатын. Малды сатып алуға кеткен орасан зор инвестицияларды қалпына келтіру мүмкін емес еді.
Бейбіт Ерубаев және оның әріптестері не істеу керектігін ойластыра бастады.Олар жаңа өндіріс көзін жаңа сегмент қарастырды. Яғни, өздерінің ет комбинатын салды. Сонымен бірге шетелге стейк сатуға тырысты.
Дәл сол кезде Ресей мен Батыс арасындағы қарым –қатынас жақсы болмай тұрған кез еді, нәтижесінде азық-түлікті сыртқа шығаруға мүмкіндік пайда болды. Осы мүмкіндікті қолдана отырып, KazBeef мәрмәр сиыр етін Ресей нарығына шығарды.
Бұл сол кезең үшін жақсы қолдау болды. Содан соң, ішкі нарықта да сұраныс пайда болды: барлық KazBeef сиыр еті Metro желісіне сатылады. Өнімдер HoReCa сегментінде де, қарапайым тұтынушылар арасында да бағалана бастады. Олар еттің бағасына емес сапасы мен қауіпсіздігіне қарайтын тұтынушылар еді. Бейбіт Ерубаев бұл жағдайға өте қуанышты болды.
-Базарларда етті қалай сататынына қараңыздаршы, - дейді KazBeef бас директоры.- Қарапайым санитарлық нормалар сақталмайды, ет сату үшін ешқандай да жағдай жасалмаған, етті қалай осады, ағаш түбіртектерге қойып шабады. Патогенді мал ауруларын өлтіру үшін қаншама сағат қайнатуға тура келеді.Мұндай жағдайда «қаны бар» стейк туралы айту мүмкін емес! Ет сатып алу өте қауіпті! Бірақ біз бәрін булап, қуырып тазалап барып сатамыз! «Қаны бар» стейк дегеніміз - шын мәнісінде қан емес, бұл ең дәмді және пайдалы еттің сөлі. Бірақ егер сіз базардан ет алсаңыз, онда сіз тағамның сапасын, қауіпсіздігін білмейсіз..
Ангус сиырлардың артықшылығы
Сапалы етке деген сұраныс ел ішінде де, шетелде де өсетін болады. Қытайдан басқа Таяу Шығыс та перспективалы нарық болып табылады. Сатып алушылармен жұмыс жасаудағы басты мәселе-көп мөлшерде сату болып табылады. Өйткені барлығына тұрақты түрдегі ірі партиямен сату тиімді.
- Бұл жағдайға да әлі жетеміз, - деді Бейбіт Ерубаев. - Ең қиыны алғашқы қадам. Біз оны жасадық!
Осылайша компанияның даму тарихына оралайық. Малдың генетикасына қарау жоқ еді ол кезде, сонымен қатар KazBeef құрылған кезде қазақстандық мал шаруашылығында бордақылау технологиясын дұрыс түсінуде болмады. Яғни фермерлер малды еркін жайылымда ұстауға тырысты. Бірақ еліміздің басым бөлігінде ауа райы - климаттық жағдайлар мұндай талаптарды орындауға сәйкес келмейді. Каротинге бай жасыл шөп, жылдың бірнеше айында ғана қол жетімді еді.
-Біз бастапқыда малдан көп ет алу үшін бір ғана жол бар екенін түсіндік, — дейді Бейбіт Ерубаев. –Ол малды бордақылау болды, басқа тиімді жол жоқ болды. Иә қыста да мал ұстауға болады. Бірақ сол кезде сен тәулігіне 200-300 грамм салмақ алатын боласың, ал сенің бизнесің тиімсіз болады,себебі малды ұстау мерзімі бірнеше есе артады. Нәтижесінде пайда табу үшін көп уақыт жұмсауға тура келеді. Сонымен қатар, бизнес принципі - капитал жылдамдығы. Біздің капиталымыз-бұл бұқалар, біз оларды мүмкіндігінше тезірек союымыз керек.
Астықпен бордақылаудан басқа (айтпақшы, рационды АҚШ-тан диетолог әзірлеген), KazBeef қазақстандық мал шаруашылығындағы тағы бір жаңалық енгізді, ол-далада жыл бойы малды күтіп-бағу. Елімізде бірде-бір компания жануарлардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіптеніп, мұндай шешім қабылдаған жоқ. Бірақ бұл асыл тұқымды малдың тағы бір артықшылығы-ауыр жағдайларға төзімділігі олардың гендерінде қалыптасқан.
-Далада аяз минус 30 градус болса да, біздің ангус малдарымыз ашық қоршауларда далада жүреді, тіпті жабылмаған қорада тұра алады -дейді Бейбіт Ерубаев.-Неге дейсіз бе? Өйткені, қора -жай салса, онда қосымша шығындар кетеді, ал біздің жобамызды «санасақ», өзін-өзі өтеу мерзімі 150 жылға дейін өседі. Бізде тағы да бизнес емес, хоббимен айналысу болады.
Егер мал тұратын сарай салсақ шығындар бірден өседі, себебі қораны тазалау керек, ал бұл үшін адамдар қажет, оларға жалақы төлеу, техника, механизация керек болады. Яғни далада ашық жерде малдарды бағып-ұстау осының барлығын жеңілдетеді. Мысалы, 5 мың малға арналған бордақылау алаңында барлығы 11 адам ғана жұмыс істеді!
Тегін дала
Өмірдеқиындықтар мен қатар, жақсылықтар да қатар жүреді. Сондай - ақ, KazBeef-тің Қазақстандағы етті мал шаруашылығының АҚШ моделімен салыстырғанда бір маңызды артықшылығы бар. Ол еліміздің кең даласы. Америкамен салыстырғанда-тегін деуге болады.
АҚШ-та жайылымдық гектар $3000-нан $6000-ға дейін тұрады. Бірақ учаскені сатып алу қымбат емес, бірақ жыл сайын тиісті салық төлеу қажет (3-4%). Әрине, бұл шығындардың барлығы ет бағасына әсер етеді. Мал мен оның төліне 6 га жер қажет. Төлдің құнына жер салығының -40-60% үлесі кіреді! Ал Қазақстанда мал шаруашылықтарында бұл шығындар жоқ деп айтуға болады.
Дәл осы артықшылық болашақта Қазақстанға әлемдік ет нарығында басқа өндірушілермен бәсекелесуге мүмкіндік береді, деп санайды Бейбіт Ерубаев. Бұл түсінік 10 жыл ішінде KazBeef-тың ұстанымдарын қабылдай бастаған саланың басқа қатысушыларына да келеді.
Саланың көптен күткен жандануының ең жақсы көрсеткіші - асыл тұқымды малға сұраныстың өсуі.
- Биылғы жылы біз кәсіпорын құрылған сәттен бастап ең көп мөлшерде сауда жасадық, - дейді KazBeef бас директоры. - Егер біз бір жыл ішінде 200-300 бас сатсақ, қазір 650 бас саттық. Маусым қорытындысы бойынша 1000-ға шығамыз деп ойлаймын. Бір клиент 450 бұқаны бірден алды.Мұндай сатылым бізде ешқашан болмаған еді.
Мәселе неде? Фермерлер асыл тұқымды мал басының пайдасын көре бастады. KazBeef алғашқы кезде өзінің бордақылау алаңына халықтан барлық малды қатарынан бордақылауға қабылдады. Олардың сапасы өте төмен еді. Бұл бизнес тұрғысынан үлкен проблема болды. Себебі генетикасы нашар мал қиын семіреді. Егер ангуста азықтың конверсиясы өте жоғары болса, онда тұқымсыз жануарлар көп жейді, бірақ баяу семіреді («мәселе аттың азығында емес» деген мақалды еске түсірейік). Бордақылау алаңы үшін бұл шығын және рентабельділік бойынша тағы да пайдасыз болып табылады.
Сондықтан KazBeef фермерлермен бұқаны жалға беру сияқты жұмыс түрін жасауда. Яғни, малдың сапасы жақсы болу үшін асыл тұқымды біраз уақытқа ақысыз жалға береді. Сосын тұқымды қайта сатып алады. Бұл фермер үшін де пайдалы, демек оның бағасы жоғары болады: күзде бұзаулардың салмағы 250 кг болса, кейін 300 кг болады.
Осылайша, кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін 10 жылдай уақыт кетті. KazBeef кәсіпорынның бүкіл идеясы – генетикасы жақсы мал өсіру, жалпы Қазақстан табындарын жетілдіру. Нарықты дүр сілкіндіріп, оның қаншалықты пайдалы екенін адамдарға түсіндіру үшін компанияға 10 жыл қажет болды. Енді олар әрі қарай жылжи алады. Яғни, фермерлер арасында серіктестер санының артуына байланысты жоғары сапалы сиыр етін өндіруді ұлғайтуға болады. Енді KazBeef бордақылау алаңы жылына 23 мың бұзауды бордақылауға мүмкіндігі бар. Бес жыл ішінде тағы үш осындай бордақылау алаңын салу жоспарлануда.
Саланың өркендеуі
Бейбіт Ерубаевтың ойынша,саланың дамуына бірден-бір кедергі болған жағдай қаражат тапшылығы. Фермерлерге өз қорларын кеңейтуге мүмкіндік беретін қарапайым және қол жетімді, төмен пайыздық мөлшерлемемен және ұзақ уақытқа несие алу қажет.
Осы жылдар ішінде қауіп-қатерден қорқып, бұл салаға енбеген банкирлерді түсінуге болады, себебі ет бизнесінің қаншалықты пайдалы екендігінен түсінігі жоқ. Енді KazBeef осы 10 жыл ішінде әлемдік модельді біздің жағдайымызға бейімдеді. Аталған жобаны қазірдің өзінде кеңейтуге болады. Бұл жағдайда мемлекет пен бизнес осы саланы несиелендіру мәселесін шешуге бірлесе күш салулары керек.
-«Шын мәнісінде, сиыр етін өндіретін елдер онша көп емес», - дейді Бейбіт Ерубаев. - Оларды саусақпен санауға болады: Канада, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Австралия, Жаңа Зеландия. Тағы бірнеше ел бар! Сондықтан біз Қазақстанды ет өндіретін ұлтқа айналдыруымыз керек. Табысқа жету үшін бізде барлық мүмкіндік бар, оны KazBeef компаниясы өз ісімен дәлелдеді.
Ия, саланы құру үшін 10 немесе 20 жыл қажет болады, мүмкін одан да көп шығар. Бірақ, сайып келгенде, бұл сала ел экономикасының жетекші секторының бірі болады. Мұнай саласының қалай болатынын бәріміз білеміз. Сонымен қатар, карантин кезінде біз экономиканың көптеген басқа салалары тұрақсыз екенін көрдік. Қазіргі дағдарыс елдің экономикасын азық-түлік қауіпсіздігімен және ауылшаруашылық экспорттан түсетін валюталық түсіммен, салық түсімдері мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін аграрлық бизнес екенін көрсетті.
-«Қазір біз ет өндірісінің қарқынды дамуын күтіп отырмыз, инвестициялар келеді деп ойлаймыз», - дейді Бейбіт Ерубаев. - Еркін Тәтішевке қараңыз - ол экономиканы стратег ретінде оқып, перспективалы секторларды іздеді. Ет бизнесінде жақсы мүмкіндіктер бар екендігін түсінеді. Бұл қалыпқа келетін энергия көзі сияқты: шөп жыл сайын өседі, сиыр жыл сайын бұзаулайды. Біздің экономикамыздың мәңгі қозғалтқыш күші тәрізді! Мұны түсіну керек- өзім осы жағдайды жақсы білгендіктен әлі күнге дейін осы ауылшаруашылық кәсібімен айналысудамын.