Қостанай облысында ірі агрокәсіпорын сатылымға шығарылды

Қостанай облысында 25 мың гектардан астам егістік және 5 мың гектар жайылымдық жері бар жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорны сатылымға шығарылды. Шаруашылық егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де айналысады.

Кәсіпорында әртараптандырылған ауыспалы егіс жүйесі қалыптасқан. Мұнда дәнді, майлы және бұршақ дақылдары өсіріледі. Бұл белгілі бір дақылдың нарықтағы жағдайына тәуелділікті азайтып, жыл сайын тұрақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шаруашылықтың өзіне тиесілі ірі қара мал басы және ет бағытындағы мал санын нөлден бастап құрылыс жүргізбей-ақ 10 мың басқа дейін көбейтуге мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымы бар. Осылайша, мал шаруашылығы жобасын кеңейтуге болады.

Сондай-ақ шаруашылықта мал азығын өндіруге қажетті база қалыптастыруға барлық жағдай жасалғандықтан, сүтті мал шаруашылығын да жолға қоюға мүмкіндік бар. Шаруашылықтың орналасқан жері қолайлы, суға тікелей қолжетімділігі бар. Жаңа меншік иесі 3 мың гектардан астам алқапта суармалы егіншілікті ұйымдастыра алады.

Шаруашылық жұмыс істеуге толық дайын: мұнда ауыл шаруашылығы техникасының паркі және, ең бастысы, тәжірибелі мамандардан құралған қалыптасқан ұжым бар. Сондықтан жаңа меншік иесі өндірістік циклді үзбей, қызметті жалғастыра алады.

Нысанның қазіргі иесі атап өткендей, шаруашылық стратегиялық инвесторларға, агрохолдингтерге және елдің негізгі аграрлық аймақтарының бірінде ет немесе сүт шаруашылығын дамытатын компанияларға қызықты болуы мүмкін.

Мәміленің шарттары мен кәсіпорынның құны жеке талқыланады. Толық ақпарат құпияны жария етпеу туралы келісімге (NDA) қол қойылып, сатып алуға деген ниеттің байыптылығы расталғаннан кейін ғана беріледі. Сатып алушының өкілеттігі расталмаған делдалдардың өтініштері қарастырылмайды.

Шаруашылықты сатып алуға қызығушылық танытқандар мына телефон нөміріне хабарласа алады: +7 702 404 6288.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.