Ган Евгений Альбертович

Ган Евгений Альбертович

Қазақстан астық өңдеушілер одағының Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы
767
Жасы: 72 жаста

Facebook-тегі профилі

Евгений Ган родился РФ, Вологодск облысы Красавино қаласында дүниеге келген.

Білімі

1974 ж. – Евгений Ган С. Орджоникидзе атындағы Новочеркасск политехникалық институтын инженер-электромеханик мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994 ж. – Техникалық ғыылымдар кандидаты.

Евгений Ган 80-нен астам жарияланымдардың авторы және 30-дан астам патенттердің иегері, оның 8-і Ресей Федерациясынан, 15-тен астамы – Қазақстан Республикасының алдын-ала патенттері.

Евгений Ганның карьерасы

1974-1976 жылыары – инженер-конструктор.

1976 ж. бастап –  және тәжірибелік-конструкторлық бюросы бастығының міндетін атқарушы, астықпен жүрнігізілетін жұмысты механикаландыру зертханасының меңгерушісі.

1984-2001 жылдары – Евгений Ган  Қазақ астық және оның өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Астана қ.).

2000 ж. бастап – «Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшылары одағының» президенті (Астана қ.).

2012-2022 ж. бастап – Евгений Ган «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» қауымдастығының президенті.

Наградалары мен атақтары

2007 ж. – Ресей Халықаралық «Ынтымақтастық» орталығының «Достастық жұлдызы» орденімен марапатталды.

2005 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы.

2005 ж. – Евгений Ган Ресейдің ұн және жарма кәсіподақтар одағының «Нан өнімдері саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.

Цитаталары

«Тәжікстан ұн сұрайды, бірақ онда ұн мен астық нарығына шығатындай тең жағдай жоқ. Бидайға кіріс ҚҚС 10%-ды құраса, ал ұнға – 18% құрап отыр. Қисынсыз жағдай.» (сәуір 2020 ж.)

«Жаңа штаммнан тұратын коронавирусқа байланысты әлемде нұсқамалы кезең өтіп жатыр, алайда нормативтік-қаулы құжаттар әрекетін 1 қыркүйекке дейін жалғастырады.» (2020 ж.)

«Қазақстан көмектесуге дайын болғанымен, сатып алушы мемлекеттің өзі кедергі келтіруде.» (2020 ж.)

«Алдағы 2-3 күнде біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған шектеу шарасының қажет еместігін дәлелдеп, сәйкесінше оның күшін жоямыз деген үміттеміз.» (наурыз 2020 ж.)

«Қазақстанның астық өңдеушілер одағы елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдайдың енгізілуінен кейін, 2-3 күнде жарияланған ұн экспортына салынған тыйымның ішінара алынуына сенім артады.» (наурыз 2020 ж.)

 «Біз орта азиялық ұн нарығын жоғалтамыз, бірақ оны ұстап тұрудың жолдары бар. Тарифтік емес шектеулерді қолданатын елдерге қарсы шараларды және біздің өндірушілерімізді қолдаудың жүйелік шараларын қолдану қажет. Егерде ешқандай шара қолданбасақ, онда сала бұдан әрі тоқырауға ұшырамақшы.» (қыркүйек 2019 ж.)

 «Елдегі ұн тарту өнеркәсіптері санының қысқаруына келетін болсақ, онда бұл бір жағынан қалыпты процесс: кәсіпорындардың бірі келіп, екіншісі кетіп жатады, нарықтың шоғырлануы жүруде. Алайда ішкі бәсекелестікке байланысты нарықты тастап кетсе – бұл қалыпты жағдай, ал нарықтардың жоғалуы есебінен – бұл басқа жағдай. Өкінішке қарай екінші себеп басым – нарық сыйымдылығы қысқаруда.» (қыркүйек 2019 ж.)

 «Саясат – экономиканың шоғырланған көрінісі. Ұн тарту, барлық агроөнеркәсіп кешені салаларын 10-15 жылға, ең болмағанда, экспорттан озық тұратын сала, – деп бірнеше рет айтқан болатынмын. Бүгінгі күні басымыздан кешіріп отырған проблемаларды  ерте ме, кеш пе, осы нарықты игеріп жатқан барлық экспорттаушылар сезінеді. Дәл осындай проблемалар орын алады.» (наурыз 2018 ж.)

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 мая 2023