Бау-бақшада қызу науқан. Фоторепортаж
COVID-19 пандемиясы көптеген елдердің экономикасына оразан зор нұқсан келтірді. Инфекцияның таралуымен күресу барысында тұтас салалар жұмыстарын тоқтатты.
Шектеу шаралары ауыл шаруашылығына да әсерін тигізбей қоймады. БҰҰ-да әлемдік ауқымдағы аштық қатері туралы болжамдар жасалып отыр. 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстанда жарияланған шектеу шаралары мен ТЖ режімінің салдары ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің жұмысына әсер етті. Оған қоса, бұл шаралар көктемгі дала жұмыстарының басталу кезеңіне тура келді. Тек ҚР АШМ қозғалысқа рұқсат алуды жеңілдету барысындағы уақытылы әрекеті теріс салдарлардың алдын алды. Қазірдің өзінде Қазақстанда ғана емес, көрші елдердегі карантин шаралары аграрлық шаруашылықтарға нұқсан келтіруін жалғастыруда.
Тақырып бойынша: «Алматы облысының диқандары өнімдерін малға беруге мәжбүр» мақаласын оқыңыз.
2019 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,2 трлн теңгені құрады. Айта кететіні, Түркістан облысы республиканың аймақтары арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі бойынша 627,5 млрд теңге үлесімен үшінші орынды иемденді. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары (825 млрд теңге және 631,9 млрд теңгеге сәйкес) суырылып алдыңғы орындарға шықты.
Бірақ Түркістан облысы АӨК қазіргі өндірушілерінің арасында сөзсіз көшбасшы болып қала бермек. Аймақта 3 076 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер және 71 102 шаруа және фермер қожалықтары жұмыс істейді.
Олардың көпшілігі өнімдерін жақын және алыс шет елдерге жеткізе отырып, экспортқа бағытталған. Қазір облыстың оңтүстік аудандары қарбыз және қауын тәрізді дақылдар жинайтын ең қызған кезеңді бастан кешіруде.
Әсіресе, Сарыағаш ауданына кірер кезде қайнаған тіршілікті байқайсын. Жол бойында қызу базар, өсірген өнімдерін сатқан диқандар.
Бірақ ішкі нарық өсірген өнім сатылатын кішігірім сауда-саттық орны ғана. Шаруаларға негізгі табыс экспорттан түседі. Экспортқа шығу өз алдына бір проблема. Диқандар өнімдерін шет елдерге шығару үшін, тасымалдау құқығын беретін фитосанитарлық сертификаттар алуға міндетті болады.
Тақырып бойынша: «Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымын экспорттауға рұқсат беру ережелерін әзірледі» мақаласын оқыңыз.
Сертификаттар әр аудан мен қалаларда орналасқан мамандандырылған инспецияларда беріледі. Бірақ жағдай олардың көбіне жұмыс көлеміне шамалары келмейтінін көрсетті. Шынында да, ЕАЭО елдеріне тасымалдау үшін ӘСҚ алуы тиіс Өзбекстаннан келетін транзиттік жүк көліктері жергілікті өндірушілерге қосылып отыр.
Фермерлердің әуре-сарсаңнан, кейде ашық бопсалаудан, 20 000 теңгемен барлық проблеманы шешуге болатын жағдайлардан шаршап, арыздануынан кейін, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешені Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алманбет инспекцияның жұмысының ашықтығын бақылайтын мониторингілік топ құруды мақұлдады. Сонымен қатар, Шымкенттегі «Dala-транс» аумағында және жүк машиналарының ірі тұрағы орналасқан Жетісай мен Мақтаарал аудандарының шекарасында жүкті тексеретін қосымша екі бекет құрылды.
«Dala-транс» бекетінде алдымен төрт инспектор болғанымен, екеуінің ауырып қалуы өткізу қабілетіне айтарлықтай әсер етті. Тексеру уақыты сағат 9.00-дан 20.00-ға дейін, бір фураны тексеру регламент бойынша 20-30 минутты құрайды, ал ол жерден күніне 100 фура өтеді.
Өкінішке орай, түсініксіз себептермен қолайлы орналасқандарына қарамастан аудандар шегіндегі тексеру бекеті де жұмысын тоқтатты. Жетісай аудандық мемлекеттік инспекциясында екі инспектор жұмыс істейді. Оның бірі Ербол Әлімовтың айтуынша , күніне 60 жүк көлігі тексерістен өтеді. Бұл негізінен жергілікті бау-бақша өндірушілер.
Жетісай ауданында ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы ауданы 78538,4 га құрайды, оның ішінде 47418 га – мақта, 3862,01 га – қарбыз, 13860,62 га – қауын, қалған бөлігі басқа дақылдарға тиесілі.
Тақырып бойынша: «Түркістан аграршылары биылғы жаңа маусымда ТМД-ға мыңдаған тонна қарбыз экспорттады» мақаласын оқыңыз.
Сонымен қатар, жыл басынан бері аудан ішкі нарықты 3500 тонна өніммен қамтамасыз етіп, оның 50 мың тоннадан астамын экспорттады.
Бұл жерде инспекторлардың жұмысын, сертификаттардың инспекторлардың тұрақты қарауындағы жергілікті фермерлерге берілетіні және олардың жергілікті өндірушілердің қайсысында карантиндік аурулардың барын білетіндіктері жеңілдетіп отыр.
«Парман Ата» шаруа қожалығының басшысы Жахангер Парманов фермасының 50 га ауданында қауынның үш – Әуежай, Валет және Жиенбай түрлерін өсіретінін, өнімнің 70%-ның Ресейге, Балық елдері мен Германияға экспортталатынын әңгімелеп берді. Биыл әр гектардан 15-16 тонна өнім алған. Рас, пандемия мен карантиндік шектеулерге байланысты өнім бағасы біршама түсіп кеткен. Көптеген сатып алушылар қорықпастан өнімге өздері келетіндіктен, фермерлер өнімдерін өзіндік құқынына сатуға мәжбүр.
Әңгіме барысында Латвияға екі вагон валет сортының қауындарын тиеп жатыр еді.
Қиын жағдай мен инспекторлардың жетіспеушілігін, ауа-райының аптапты кезінде өнімнің бұзылатынын ескере отырып, Марс Алмабек инспекцияның жұмысын демалыссыз жеті күн жұмыс істеуге ауыстыру туралы бұйрық шығарып үлгерді.
Бұл шешім жүкті жөнелту кедергісін азайтуға көмектескенімен, тағы инспекторлар қосу, дәлірек айтқанда олардың жетіспеушілігі мәселесін шешу алдағы күннің мәселесі.
Сергей Алексеёнок, автордың суреті