Қазақстанда «таза-табиғи» тағамдарға деген сұраныс артып келеді

Қазіргі таңда экологиялық егіншілік, жер ресурстарын сақтау идеялары бүкіл әлемде өзекті мәселе болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы Покровка ауылының фермері Андрей Стрелец - «таза» өнімдерді өсіруді құптайтын және осындай табиғи өнімдерді өсіруді насихаттайтын адам. Өз жұмысында ол топырақты ластамау, оның құнарлылығын сақтау, сапалы тыңайтқыштарды өсіру үшін табиғи тыңайтқыштарды пайдалану өте маңызды деп санайды. Жердің құрты өндіретін биогумус бұл жерде қолданылатын тыңайтқыштардың бірі.

Біз Андрей Стрельцпен биылғы егін егу науқаны туралы, коронавирустық жағдай, ауылшаруашылығымыздың мәселелері мен болашағы туралы сөйлестік.

 

Келеңсіз жағдайдың да жақсы жақтары бар

«Әрине, кез келген жылы біз алдын ала болжай алмайтын төтенше жағдайлар болып тұрады», - дейді Андрей Стрелец. - Мысалы, биыл біз 50 гектар жерге картоп отырғызуды жоспарлаған едік, ойда жоқ жерден Есіл өзенінде су тасып, арнасынан асты. Бұл жағдайдан кейін егін егу жұмыстарын шамамен екі аптаға кешіктірдік. Алайда бұл істің жақсы жағы да бар, су басқан жерге картоп отырғызу өте қолайлы. Су шайған кезде жер ылғалмен әбден қаныққан болатын, енді жаңбырдың әсері біз үшін соншалықты маңызды да емес. Құрғақ жаз мезгілінде де жақсы өнім алуға болады, себебі жақсы егін жинау үшін топырақтың ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде. Сонымен қатар біз қажетті техниканы да алдын-ала дайындап қойдық. Биылғы жылы Германиядан керекті жабдықты сатып алдық. Сондай-ақ Gala сортынан екі тонна картоп тұқымын сатып алдық, «Пироль» сортын алдық, егіп көру үшін бізге «Карлена» және «Мэрлин» сорттары берілді, сондықтан біз аталған жаңа тұқымдарды егіп қандай өнім алатынымзды көреміз.

 

Алдағы ауа-райына, өнімге және бағаға болжам жасау

Қазір ауа-райы мен өнім туралы көптеген сарапшылардың болжамдары әртүрлі. Кейбіреулер биыл ауа-райы керемет болады деп айтады, ал кейбір адамдар ауа-райы қолайсыз құрғақ жаз болып, егінге зиян келуі мүмкін деп болжам айтуда.

Тақырыпты оқу: 2020 жылы Қазақстанда нені қанша егетін болады?

«Қазақстан бойынша егінге қатысты болжам айту қиын», - дейді Андрей Стрелец. – Қазақстан үлкен, әр аймақтағы ауа-райының өзіндік күтпеген тосынсыйлары болуы мүмкін, сондықтан болжамдар әр аймақ үшін іртүрлі. Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген аудандарында құрғақшылық болады деп алдын –ала айтылуда. Бірақ СҚО бойынша жақсы болжамдар бар, сондықтан да біз жақсы өнім аламыз деп үміттенеміз. Біз әр гектардан кем дегенде 40 тонна өнім жинаймыз деп ойлаймыз. Өндіріс құнының дәл болжамын жасау қиынға соқты, алайда баға жоғары болады. Сонымен қатар, коронавирустық пандемия жалғасатын болса, ауылшаруашылық өнімдеріне, соның ішінде картопқа сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Себебі Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралар жабылып жатыр. Жүктерді тасымалдау бұрынғыдай оңай емес, шекараларда кідірістер, кезектер пайда болады, сұраныс өсуде, бағалар да өсуде.

 

COVID-19 Әсері

Коронавирустық пандемия барлық қызмет салалары үшін күтпеген жағдай болды. Оның ауылшаруашылыққа тигізетін әсерін назардан тыс қалдыра алмаймыз.

«Қазіргі кездегі басты мәселе ары-бері жүріп тұру, қозғалу болды, - дейді Андрей Стрелец. - Жалпы, мемлекет бұл мәселені карантин кезеңінде жақсы реттеді, олар бірінші кезекте азық-түлікке жасыл дәліздер орнатты. Біз үшін қозғалу қиын болмады. Кейбір кездері, мысалы, өткізу пунктінде жүк көлігіне тыйым салынды, бірақ бұл мәселелер тез шешілді. Мен Ақтөбе мен Көкшетауға тұқым жібердім, өзім жұмыстарымды істедім, картоп тасымалдадым. Құжаттарды көрсетсек болды - олар еш қиындықсыз өткізіп тұрды. Сондықтан, біз коронавирусқа қатысты жағдай қандай да бір қиын болды деп айта алмаймыз.

Алайда фермерлер кез-келген жағдайға дайын болулары керек. Көптеген сарапшылар күзде пандемияның екінші толқыны болады деп айтуда. Қауіпсіз уақыт болғанға дейін бұл фактор үнемі назарда болады. Кез-келген күтпеген жағдайға дайын болу керек

Тақырыпты оқу: Дағдарыс кезеңі қазақстандық органикаға қалай әсер етеді?

«Менің ойымша, өз ісіне кәсіби тұрғыда жауапкершілікпен қарайтын өндірушілер, егер шекаралар біраз уақытқа жабылса да жағдайлары жаман болмайды», - дейді Андрей Стрелец. - Шекаралар жабылған кезде ішкі нарықта үлкен перспективалар пайда болады. Сұраныс азаймайды, қазір ешқандай мәселелер болмауы керек. Ең бастысы - өніміңіздің сапасына көңіл бөлу. Жалпы, бұл пандемия жағдайында ауылшаруашылығы зардап шекпеген бірден-бір сала болып саналады, тіпті өсу қарқыны байқалады. Адамдар ең негізгі деген заттардың маңыздылығын түсінді. Бірінші кезекте - тамақ және медициналық қауіпсіздік. Олармен басқа ешқандай саланы салыстыруға болмайды. Шынымды айтсам, егер бизнестің басқа түрлеріне назар аударсақ, олардың жағдайы мәз емес, біздің мәселеміз оның қасында жай ғана болып қалатынын түсінеміз. Әуе компания бизнесі, туризм, сауда және ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен кафелерде үлкен мәселелер туындап, құлдырауға ұшырады. Олардың қалпына келуіне қанша уақыт қажет болатыны белгісіз. Ал ауыл шаруашылығында бәрі жақсы!

 

Даму үшін жақсы мүмкіндіктер

2014 жылдан бастап «Стрелец» компаниясы егілген картопты үйге жеткізумен айналысып келеді. Қазіргі жағдайда,байланыстар азайған кезде, аталған қызметке жол ашылуда.

«Жеткізу қызметтеріне сұраныс болуда, өйткені бұл өте ыңғайлы», - дейді Андрей Стрелец. - Ал енді, коронавирусқа байланысты, тұтынушылардың осы қызмет түріне деген қызығушылығы артып келеді.

Фермерлер экологиялық егіншілік тұтынушылар үшін элиталық сегмент болмайды деген сенімде. Өндірушілердің саны өсіп келе жатқан сайын экологиялық таза өнім өндірудің артықшылықтарын түсіне бастайды.

Тақырыпты оқу: Қазақстандық фермерлерге Еуропа нарығында қандай салаларға жол ашылады

«Стрелец» компаниясы бизнесінің екінші бағыты, биогумус өндірісі үшін вермиферма құру, бұл салада да тұтынушылар өте көп.

«Біз қазір Қордай ауданындағы Сарыбұлақ ауылына барып, онда 500 мың құрт өсіретін ферма салдық, - дейді Андрей Стрелец, - сонымен қатар Қарағанды ​​облысында Қарқаралы ауданында «Бүркітті»станциясында 1 миллион құрт өсіретін ферма ашылды. Жақын арада Қостанай және Түркістан облыстарында 1 миллион құрт өсіретін ферма жасаймыз. Жыл басынан бері біз ұсақ фермалардан 10-нан 100 мыңға дейін құрт сатып алатын 36 тапсырыс қабылдадық, олардың сегізіне саттық, ал жиырма сегізі әлі алда орындалатын болады. Бізде сұраныс жеткілікті. Керісінше, бизнесіміз кеңеюде. Қазір бізге Түркіменстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан қоңырау шала бастады және біздің қызметімізге қызығушылық танытуда. Сондықтан әрі қарай ішкі, сонымен қатар халықаралық деңгейде алға жылжу үшін жақсы мүмкіндіктер бар.

 

Пандемия кезіндегі ең басты сала

Ауыл шаруашылығының алдағы болашағында жұмыс тұрақты болса, жоспарланған бағдарламалар жүзеге асырылса және жаңа әдіс-тәсілдер қолданылып, озық тәжірибелерді  пайдалансақ деген жоспарымыз бар.

«Көптеген шаруашылықтар мемлекеттен субсидия талап етеді» дейді Андрей Стрелец. - Бұл әрине жаман емес, бірақ қанша қаржы салынса да біздің ауылдың жағдайы жақсарды ма? Мемлекет инфрақұрылыммен – жол салумен, логистиканы жақсартумен айналысса дұрыс болар еді. Меніңше, бұл пайдалы және дұрыс. Маған мемлекет тарапынан ешқандай көмек қажет емес. Біз бәріне өз күшімізбен, өз еңбегімізбен жетеміз. Ең бастысы, олар бізге кедергі келтірмей, араласпай, болмайтын жаңа нұсқауларын енгізбесе болды. Әкімшіліктің басшылары мен қызметкерлері өзгерген кезде барлығы солармен бірге өзгереді. Бізде осындай үрдіс бар, олармен бірге ескі бағдарламалар мен ережелер жойылып, жаңа жоспарлар пайда болады. Мұның бәрі белгісіздік пен хаосқа әкеліп тірейді. Бизнесте  тұрақтылық пен нақты жоспар болуы керек. Бейберекетсіздік, тұрақсыздық, әсіресе халықаралық деңгейде, кәсіпке теріс әсерін тигізеді. Серіктестер сізден не күтерін білмейді, әрине, олардың бізбен жұмыс істеуге деген ықыласы төмендейді және инвестицияларын салудан қауіптенеді. Сауда, кәсіп бірқалыпты тұрақты болғанда ғана жақсы дамиды.

Андрей Гончаров

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.