Еуропалық нарықта қазақстандық фермерлерге қандай салада мүмкіндіктер болады?

Еуропалық Одақ елдері 2021 жылдан бастап Біртұтас аграрлық саясаттың жаңа принциптеріне көшеді. Аталған инновациялар Қазақстандық экспортпен айналысушы  фермерлерге де әсер ететін болады. Атап айтқанда - Еуропалық Одақта органикалық тамақ өндірумен айналысатын фермерлерге қатысты болмақ.

Аталған жаңалықтар жайлы, Қазақстандағы органикалық өнім өндіретін одақтың сарапшысы, э.ғ.к., Алия Егизбекова ElDala.kz –ке берген сұхбатында айтты.

 

«Жасыл» экономиканың агро-экологисы

Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы Біртұтас аграрлық саясат (САР) 1992 жылдан бастап өз күшіне енді. Ол негізінен екі мақсатқа жетуге бағытталған - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және фермерлердің табысын арттыру.

Тақырыпты оқу: Қазақстанда астық өсіруге арналған стимулятор шығарыла бастады

2005 жылдан бастап еуропалық фермалардың кірісін арттырудың негізгі тетігі гектарға субсидия төлеу болды. Алайда, ЕО Комиссиясының ұсынысы бойынша болашақта тікелей төлемдер фермерлердің «жасыл» экономикаға бағытталған «шарттарды» орындаған кезінде ғана берілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, ЕО ауыл шаруашылығының экологиялық тұрғыда болуын арттыру үшін жақсы шаралар енгізуге дайындалып жатыр.

«Эко-схемалар» сияқты жаңа тұжырымдаманың енгізілуі осы жоспарларға байланысты. Бұл үшін фермерлер жыл сайын өсетін бір жылдық және көпжылдық дақылдарды өсіру кезінде ерікті түрде агроэкологиялық шараларды қолдануы тиіс.Егер фермерлер осы міндеттерді орындаса, ЕО осымен байланысты барлық шығындарды өтеуге дайын.

 «Еуропалық Одақтың ауылшаруашылық саясаты көптеген мақсаттарды қамтиды, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің құндылық тізбегіндегі фермердің жағдайын нығайту, қоршаған ортаны және биоәртүрлілікті сақтауды атап айтуға болады», - деді Әлия Егізбекова. - Сол себепті 2020 жылдан кейін қолданылатын ауылшаруашылығындағы тікелей төлемдердің жаңа құралы «Эко-схемалар» қоғамның талқылауына ұсынылды. Ауылшаруашылық технологияларының экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған фермерлердің ерікті жұмыс форматы тікелей төлемдер арқылы өтемақы алуға негіз болады. Басқаша айтқанда, Еуропада барлық фермерлер үшін шаруашылықтың міндетті стандарттары мен шарттары бар. Эко-схемалар - бұл нормадан асатын қосымша жүктеме болып табылады. Егер фермер оны өз мойнына алса, онда ол келтірілген шығындар немесе жоғалтқан пайдасы үшін өтемақы алады.

 

«Пилоттық жоба» сәтті аяқталды

Осылайша, Еуропа фермерлерге тұрақты ауылшаруашылық тәжірибесі мен жүйелеріне көшу үшін тиімді  жағдай туғызуды жоспарлап отыр, өйткені олар үшін бұл қосымша табыс көзі болады. ЕО үшін бұл жұмыстар климаттың өзгеру салдарын азайтуға, қоршаған ортаны және биоәртүрлілікті қорғау бойынша міндеттемелерді орындау жолында  тағы бір жақсы қадам болады

Тақырыпты оқу: Қазақстан 2020 жылы қандай және қанша дақыл егеді

Эко-схема толықтай ЕО қаражаты есебінен қаржыландырылатынына назар аударыңыз, сондықтан оған мүше-мемлекеттер үшін ешқандай да шығын кетпейді.

«Аталған инновациялық жаңалық 2014 - 2015 жылдары Ирландия, Румыния, Испания және Ұлыбританияда сыналды», - деді Алия Егізбекова. «Бұл бізге нәтижеге бағытталған  төлемдердің әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді». 2019 жылдың қазан айында ЕО Комиссиясы Брюссельде конференция өткізді, оның барысында пилоттық жобалардың нәтижелері ұсынылды. Олар фермерлердің өздерінің егістік жерлерін неғұрлым дұрыс  басқаруға, сондай-ақ табиғи флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын сақтауға деген ынтасының арта түскенін көрсетті. Эко-схемалар дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда, төлемдер бекітілген кезде және жерді басқару әдісі келісімшартпен анықталған кезде тиімді болып шықты.

 

Қазақстандық фермерлер үшін Еуропалық мүмкіндік

Бұл еуропалық жаңалықтар Қазақстандағы фермерлерге тікелей әсер етпеуі мүмкін. Бірақ жанама түрде азық-түлік нарығындағы жағдайға әсер етеді. Шынында да, фермерлерге ұсынылатын жобалар органикалық егіншілікке ауысқысы келетіндердің санын көбейтеді. Бұл Еуропаның органикалық тамақпен қамтамасыз етілу деңгейі артады деген сөз. Одан әрі бұл процестер органикалық өнімдердің бағасының төмендеуіне, сонымен қатар ЕО-ға әкелінетін азық-түлік тауарларына қойылатын талаптардың жоғарылауына әсер етеді.

Тақырыпты оқу: Дағдарыс Қазақстандық органикаға қалай әсер ететін болады

Бұл орайда Еуропалық нарықта жаңа секторларға жол ашылады, ол жағдайға  қазақстандық фермерлер дайын болуы керек.

-Мысалы,«айналма тәрізді» егіншілікті қарастырсақ, егістік жерлер малға арналған жемшөп дақылдарын өсіру үшін емес, көбінесе азық-түлік өндіру үшін пайдалану керек», - деді Әлия Егізбекова. - Бұл мал азығын өндіру үшін қосымша егістік жер бөлуге іс жүзінде тыйым салынатынын білдіреді. Біздің экспорттаушылар үшін орта мерзімді перспективада екі сала бар: біріншіден, Еуропада органикалық астыққа сұраныс отандық өндірістің ұлғаюына байланысты төмендейді. Екіншіден, Еуропаға мал шаруашылығына арналған органикалық өнімдерді өндіруді ұлғайту қиынға соғады. Бұл жемшөп дақылдары алқабында проблемалары жоқ біздің өндірушілер үшін мүмкіндік болып табылады.

 

Пайдалы дақылды таңдай білу

Сондай-ақ, Еуропада Эко-схема енгізілгеннен соң, дақылдарға деген көзқарас өзгереді. Фермерлер дақылдарды таңдаған кезде оның тек адамдар үшін құндылығына ғана емес, сонымен қатар жануарларға, топыраққа және бүкіл экожүйеге әсер етуі жайлы ойланатын болады.

«Мысалы, фермер майлы дақыл өсіру кезінде  рапс пен сояның бірін таңдауы керек», - деді Әлия Егізбекова. – Бұл дақылдар бірдей болып көрінетін сияқты, өйткені бір литр рапс немесе соя майы өндірісі үшін шамамен 11 шаршы метр жер қажет болады. Алайда, рапс ұнына қарағанда ауылшаруашылық жануарлары үшін сояның тағамдық құндылығы әлдеқайда жоғары, бұл қасиет оны екі есе жақсы дақылға айналдырады. Сондықтан, еуропалық фермерлер соя өсіруді көбірек таңдайтын болады. Ал біздің экспорттаушылар үшін ЕО-ға рапс немесе рапс майын сатуға мүмкіндік ашылады.Айта берсек мұндай мысалдар көп. Біз органикалық өндірушілер одағындағы ең перспективалы саланы қадағалап отыруымыз керек.

Бұл отандық фермерлерге пайда әкелетін инновациялардың бір бөлігі ғана. Оларды Қазақстанның органикалық өндірушілер одағының сарапшылары өздерінің Facebook парақшаларында үнемі айтып, түсіндіріп отырады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.