Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Facebook-тегі профилі
Әлия Егізбекова Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі
1986-1994 жылдары – экономикалық ғылымдар кандидаты (Ph.D in economics).
Әлия Егізбекова Дүниежүзілік экономикалық даму банкі институтының Банк академиясында тәлімдемеден өткен (Майндегі Франкфурт).
Карьерасы
Әлия Егізбекова униерситеттерде оқытушы.
Қазақстанның ірі банктерінде маркетинг және сыртқы байланыс басшысы.
Астана әкімдігінде халықаралық сапа стандарттары мәселелері жөніндегі кеңесші.
2001-2004 жылдары – Әлия Егізбекова «United Nations Development Programme — UNDP» компаниясының экологиялық жобаларында жұмыс істеді.
«Қазақстанның органикалық өнімдері өндірісі одағы» сарапшы.
Қызықты фактілер
- Әлия Егізбекова – Н. Фостердің орыс тіліне аударылған сәулет каталогының алғашқы авторы.
- Әлия Егізбекова – жазушы, ақын, аудармашы, музыкант, суретші.
- Өмірдегі қызығушылық танытатын салалары өте кең, оның ішінде, эзотерика, емшілік, философия.
Цитаталары
«Еуропалық Одақтың ауылшаруашылық саясаты көптеген мақсаттарды қамтиды, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің құндылық тізбегіндегі фермердің жағдайын нығайту, қоршаған ортаны және биоәртүрлілікті сақтауды атап айтуға болады. Сол себепті 2020 жылдан кейін қолданылатын ауылшаруашылығындағы тікелей төлемдердің жаңа құралы «Эко-схемалар» қоғамның талқылауына ұсынылды. Ауылшаруашылық технологияларының экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған фермерлердің ерікті жұмыс форматы тікелей төлемдер арқылы өтемақы алуға негіз болады. Басқаша айтқанда, Еуропада барлық фермерлер үшін шаруашылықтың міндетті стандарттары мен шарттары бар. Эко-схемалар – бұл нормадан асатын қосымша жүктеме болып табылады. Егер фермер оны өз мойнына алса, онда ол келтірілген шығындар немесе жоғалтқан пайдасы үшін өтемақы алады.» (2020 ж. мамыр)
«Аталған инновациялық жаңалық 2014-2015 жылдары Ирландия, Румыния, Испания және Ұлыбританияда сыналды. Бұл бізге нәтижеге бағытталған төлемдердің әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді». 2019 жылдың қазан айында ЕО Комиссиясы Брюссельде конференция өткізді, оның барысында пилоттық жобалардың нәтижелері ұсынылды. Олар фермерлердің өздерінің егістік жерлерін неғұрлым дұрыс басқаруға, сондай-ақ табиғи флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын сақтауға деген ынтасының арта түскенін көрсетті. Эко-схемалар дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда, төлемдер бекітілген кезде және жерді басқару әдісі келісімшартпен анықталған кезде тиімді болып шықты.» (2020 ж. мамыр)
«Мысалы,«айналма» (циркулярлық) егіншілікті қарастырсақ, егістік жерлер малға арналған жемшөп дақылдарын өсіру үшін емес, көбінесе азық-түлік өндіру үшін пайдалану керек. Бұл мал азығын өндіру үшін қосымша егістік жер бөлуге іс жүзінде тыйым салынатынын білдіреді. Біздің экспорттаушылар үшін орта мерзімді перспективада екі сала бар: біріншіден, Еуропада органикалық астыққа сұраныс отандық өндірістің ұлғаюына байланысты төмендейді. Екіншіден, Еуропаға мал шаруашылығына арналған органикалық өнімдерді өндіруді ұлғайту қиынға соғады. Бұл жемшөп дақылдары алқабында проблемалары жоқ біздің өндірушілер үшін мүмкіндік болып табылады.» (2020 ж. мамыр)
Отбасы
Әлия Егізбекова тұрмыста, ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ана.