Жақын арада элеваторларды газбен қамтамасыз етуге уәде беруде
Ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп қыркүйек айында фермерлердегі газ тапшылығы мәселесін талқылады. Отын жетіспеушілігі салдарынан кейбір өңірлердегі астық кептіру қондырғыларының жұмысын тоқтап тұрғандығы белгілі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Султановтың айтуынша, сұйытылған газ тапшылығынан Павлодарлық фермерлер зардап шекті. Аталған аймақта газбен 14 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, газ жеткізудегі тұрақсыздықтың салдарынан бүкіл Қазақстан бойынша қиындықтардың туындауы байқалады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда жиналған астық күйіп кетуі мүмкін
«Аталған мәселе Энергетика министрлігімен шұғыл түрде талқыланды. Олардың мәліметінше, мәселе жақын арада шешіледі. Газ өндірушілерден қажетті көлем Павлодар облысына қарай жіберіледі. Қазір баға электрондық биржада реттеледі, сондықтан қолжетімді болады, баға нарық бойынша белгіленеді», - деді Азат Сұлтанов.
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Павлодар облысында астық жинау науқаны үшін газ қажеттілігі 720 тоннаны құрайды. Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл өңірге қосымша 2 мың тонна газ отынын жеткізу туралы келісім бар, бұл айтылған қажеттілікті жабады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігіне Шығыс Қазақстан (7 мың тонна) және Павлодар (2 мың тонна) облыстарынан астық дақылдарын кептіруге дизель отынының қосымша көлемін бөлу туралы өтінімдер келіп түсті. Көрсетілген көлемдерді беру туралы мәселе қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының өндірушілері -атап айтқанда, макарон фабрикалары, сүт зауыттары, құс фермалары, ауыл шаруашылығы өндірушілері, элеваторлар, нубайханашылар да газ тапшылығының болып жатқандығы туралы хабарлаған болатын.