Қазақстанда пестицид өндіру жыл басынан бері 2 есеге артты
Қазақстанда биылғы жылдың соңғы 4 айында пестицид өндірісі 2,2 есеге артты, яғни 2,3-тен 5,1 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, азот тыңайтқыштарын өндіру 118,7-ден 149,4 мың тоннаға дейін, фосфор 55,6-дан 64,2 мың тоннаға дейін артты.
ИИДМ мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштарды өндіруші - «Қазфосфат» ЖШС, оның орташа жылдық фосфор тыңайтқыштарды өндіруі 405 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорын аммофос, суперфосфат, трикций фосфаты, сульфоаммофос, нитроаммофос, фосфогипс шығарады. Қазфосфат өнімдерінің ішкі нарықтағы үлесі 99% -дан асады.
Азот тыңайтқыштарын негізінен «КазАзот» АҚ өндіреді, оның орташа жылдық өнім өндіру қуаттылығы 398,9 мың тонна. Компания аммоний нитратын ГОСТ 2-2013 талаптарына сәйкес шығарады.
«Айта кетерлік жағдай, Индустрияландыру картасы аясында «Қазфосфат »ЖШС мен « ҚазАзот» АҚ модернизациялау жұмыстары арқасында кәсіпорындарда фосфор тыңайтқыштарын өндіруді 4 есеге, азот тыңайтқыштарын 2 есеге дейін арттырды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазақстанда өсімдіктерді пестицидтер мен химиялық препараттар арқылы қорғау құралдарының негізгі өндірушілері: Астана-Нан, Щелоково-Агрохим-Қазақстан (Ақмола облысы), Агрохимия (Алматы), Косагрокоммерц (Алматы облысы), АгроХимПрогресс, Казтрасткем (Павлодар облысы).
Отандық өндірушілер көбінесе гербицидтер, фунгицидтер, инсектицидтер, құрғатқыштар, дефолианттар, өсу реттегіштерін шығарады. Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдер өндіретін қолданыстағы кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты 27,3 мың тонна дайын өнімді құрайды.
Индустрияландыру картасы аясында «АгроХимПрогресс» ЖШС (Павлодар) және «Астана-Нан» ЖШС Степногорск филиалы өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын шығаруды 4,5 есеге арттырды.
Айта кетерлік жағдай, бүгінде қазақстандық фермерлер қажетті 2,5 млн тонна минералды тыңайтқыштардың орнына 500 тоннаға жуығын ғана қолданады. Ауылшаруашылық технологияларын кеңінен пайдалану мақсатында 2020 жылы тыңайтқыштар үшін 26,2 млрд теңге мөлшерінде субсидия қарастырылған.
Алайда келесі жылдан бастап тыңайтқыштар үшін субсидия алу үшін фермерлерге топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізу қажет болады.