Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
"Ауыл" партиясы Жигули Дайрабаевтың президенттікке кандидатурасын ұсынды
ХХ кезектен тыс съезде "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жигули Дайрабаевтың Қазақстан президенті лауазымына кандидатурасын ұсынды.
"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, партия бұдан әрі де ауыл халқының, еңбек адамдары мен адал еңбеккерлердің мүдделерін білдіруші және қорғаушы ретіндегі өз ұстанымын растайтын болады.
Жигули Дайрабаев 1954 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылында дүниеге келген.
Ол Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және агроөнеркәсіптік кешен жоғары мектебін бітірген. Ғалым агроном.
1972-1974 жылдары- Жигули Дайрабаев әскерде қызмет етті.
1974-1977 жылдары Лугов ауданы "Коммунизмге апарар жол" колхозының комсомол комитетінің хатшысы.
1977 ж. - Лугов аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы.
1977-1980 жылдары- Лугов ауданы "Коммунизмге апарар жол" колхозы комитетінің кәсіподақ төрағасы.
1980-1984 жылдары- Камен ауылдық атқару комитетінің төрағасы.
1984-1985 жж. - Лугов аудандық партия комитетінің нұсқаушысы.
1985-1987 жж. - Лугов ауданы "Алғабас" қой шаруашылығы парткомының хатшысы.
1987-1995 жж.- Лугов ауданы Жамбыл атындағы колхоз басқармасының төрағасы.
1995 ж. - Жигули Дайрабаев Т. Рысқұлов ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
1995-1997 жж. — "Қорағаты" совхозының директоры.
1997-2001 жж.- Т.Рысқұлов ауданының Статистика басқармасының бастығы.
2001-2009 жылдары — Шу ауданының "Бірлік" астық қабылдау кәсіпорнының директоры, Меркі ауданының "Казексим-Мерке" директоры.
2009-2015-MOLBAL бас директоры.
2015-2019 жылдары - "Қазақстан фермерлер одағы" қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап — Жигули Дайрабаев "Қазақстан фермерлер одағы" қауымдастығының президенті болып тағайындалды.
2022 жылғы маусымнан бастап — Жигули Дайрабаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 20 қарашада өтеді.