Қазақстандық фермерлер егінді құрғақшылықтан сақтандыра алады

Қазақстанда сақтандырудың жаңа түрі пайда болды, ол-егіс дақылдарын құрғақшылықтан спутниктік құралдар арқылы сақтандыру әдісі. Мемлекет АӨК-ті сақтандырудың 50%-ын субсидиялау үшін 2,5 млрд.теңге бөлді. Аталған сақтандыруды Qoldau.kz платформасы арқылы рәсімделетін болады. Бұл туралы Ақпараттық-есептеу орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

2017 жылы құрғақшылық маусымынан кейін Swiss Re (әлемдегі ең ірі сақтандыру компанияларының бірі), Қазақстанның ауылшаруашылық сақтандыру қауымдастығымен және голландиялық VanderSat компаниясымен (су мен топырақтың ылғалдығы туралы спутниктік деректер жинайтын белгілі ғаламдық мекеме) бірлесе ауыл шаруашылық саласын сақтандыру жұмыстарын ұсынады.

«Аталған альянс топырақ ылғалының жетіспеушілігін тиімді сақтандыру ісін жасайды. Бұрынғы сақтандыру егістегі шығынды қалпына келтіруге негізделген болса, бұл  сақтандыру топырақтағы ылғал тапшылығын алдын-ала белгіленген деңгейге жетсе болды, сақтандыру ақыларын төлейтін болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия арқылы қазақстандық астық өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсете бастады.

Сақтандыру полистері дақылдар егілген жекелеген учаскелеріндегі топырақ ылғалдылығын күн сайын өлшейтін, жоғары дәлдіктегі микротолқынды технология негізінде есептелетіндігі атап өтілді. Топырақтың ылғалдылығы дақылды өсіретін тікелей көрсеткіш болып табылады. VanderSat спутниктік жүйелері күн сайын әлемнің әр жерінен 100 х 100 метр болатын микротолқынды мәліметтерді жинайды. Фермерлер өз аудандарын спутниктік картадан таба алады және алдыңғы жылдардағы, қазіргі кездегі топырақ ылғалдылығын, сонымен қатар ағымдағы жылға арналған сақтандыру төлемдерін бірден көре алады.

Қазақстан әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің және экспорттаушылардың бірі болып табылады, дегенмен біздің елімізде дақылдардың құнарлылығы өте жоғары. Солтүстік Қазақстандағы фермерлер 2008, 2010, 2012, 2017 және 2019 жылдардағы құрғақшылықтан топырақ ылғалының жетіспеушілігінен зардап шекті, егіннен түсетін пайда жоғалды.

Бұл сақтандыру жұмысымен «Жусан гарант», «Виктория», «Номад страхование» компаниялары және «Малакут» сақтандыру брокері айналысатын болады.

«2020 жылдың көктемінен бастап Еуропаның 10 елінде топырақ ылғалын өлшейтін  инновациялық істер қолға алынды. Бұл іс-шараның тиімділігін әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің және экспорттаушылардың бірі болып табылатын және мыңдаған фермерлердің иелігінде миллиондаған гектар жер бар Қазақстанда құрғақшылықтан тиімді сақтандыруға  қатысатын болады. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық сақтандыру қауымдастығымен және Qoldau.kz порталымен бірлесе отырып, құрғақшылықтан сақтандыру құрылымы және төлемдер фермерлер үшін бірінші рет толық ашық түрде қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Swiss Re Еуропалық департаментінің басшысы, атқарушы директоры Фернандо Вильяр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.