QazTrade Иранға сауда миссиясын ұйымдастырмақ

Экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы 25-26 сәуір аралығында Тегеранға сауда-экономикалық миссия ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Миссия бизнестің тікелей байланысын орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті ирандық импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьютерлер арасындағы сауда қатынастарын жандандыру мақсатында өткізіледі.

Миссия шеңберінде QazTrade жабдықталған конференц-залды жалға алу, миссия өткізілетін күні кофе-брейк пен түскі асты ұйымдастыру, қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан аспайтын және сауда-экономикалық миссияны өткізудің ресми мерзімдерінде ғана), Ирандағы қазақстандық қатысушылардың және b2b кездесулер шеңберінде аудармашылардың трансфері жөніндегі шығыстарды жабады.

Сауда-экономикалық миссияға қатысу мәселелері бойынша Әсел Байболоваға жүгінуге болады: +7 775 230 0982 және Ернар Бақтияров + 7775 782 50 64

Миссияға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.