Қарағанды облысының ауылдарында ауруханалар үшін қымыз бет шұбат жинау басталды
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғындары қымыз бен саумал жинап, оларды облыстағы медициналық мекемелерге тапсыруда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаңаарқалықтар науқастар мен облыстағы ауруханалардың медициналық қызметкерлері үшін қымыз бен саумал жинау мақсатында арнайы акция ұйымдастырды. Еріктілер бірнеше қайырымдылық шараларын өткізді. «Біз біргеміз!» акциясы аясында олар бес ауылдан 1600 литр саумал және 1700 литр қымыз жинады. Бұл шипалық сүт сусыны аудандағы ауруханаларға, сондай-ақ Қарағанды мен Жезқазғандағы медициналық мекемелерге тапсырылды.
«Жаңаарқа жастары ауылдан-ауылға барып, емдік қасиеті бар қымыз жинап жүр. Біз оны Қарағанды облысындағы барлық ауруханаларға береміз. Бұл сусындарды ішіп науқастардың сауығып кетуін тілейміз, пандемиямен күресіп жатқан дәрігерлерге де күш-қуат береді деген ойдамыз», - деді Жаңаарқалықтар.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түгіскен ауылынан жиналған қымыз Атасу, Теміртау және Жезқазғанға жеткізілген.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары оттегі баллондары мен желдеткіштерді сатып алуға ақша жинауда. Мысалы Жаңаарқа кәсіпкерлері Жансұлтан Қасымбеков пен Серік Тойымбаев ауруханаларға 103 оттегі баллонын тапсырды, ал Ганиислам Рсалдин ол құрылғыларға редукторлар қосып берді.
Бұған дейін қазақстандық дәрігерлер коронавирустан айыққан соң, қымыз бен шұбат ішіуге кеңес береді деп хабарланған болатын.