Төтенше жағдайдан зардап шеккен фермерлер жеңілдетілген несие ала алады
Аграрлық несие корпорациясы төтенше жағдайдан зардап шеккен фермерлерге жылдық 8% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беретіндігін хабарлады. Бұл туралы АНК баспасөз қызметі хабарлады.
«Несие сомасы шектеулі: жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін 50 миллион теңгеден аспайды; шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары үшін 3 миллиард теңгеге дейін беріледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Несие алу үшін қарыз алушы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты және оның күші жойылғаннан кейін екі ай ішінде қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін өлшемдердің кем дегенде біреуіне сәйкес келуі керек:
• сатылатын тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің азаюы;
• сатып алушылардан төлемнің кешіктірілуі;
• жұмысшылар санының қысқаруы.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да күнбағысқа экспорттық салықтың енгізілетіні талқылануда
Қаржылық жағдайдың нашарлағанын растау үшін бір немесе бірнеше құжаттар ұсынылуы керек: тауарларды сату туралы жазбалар, есептер; дебиторлық берешек туралы есептер; қызметкерлердің ақысыз еңбек демалысы туралы өтініштері; қарыз алушының төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қызметін тоқтата тұру туралы ресми растау немесе басқа құжаттар тапсырылады.
Айналым қаражаты үшін берілетін қаржыландыруды аймақтық филиалдар немесе АНК-ның орталық кеңсесінде алуға болады. Ол үшін өтінішті толтырып, қажетті құжаттар пакетін жинап, кепіл болуы қажет.
Еске салайық, аталған режим 15 наурыз бен 11 мамыр аралығында Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген болатын.