Іле-Алатаудағы 3,5 мың га жайылымдық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы «Ассы» үстірті мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты және «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі Базарбек Бақытжан Facebook парақшасында хабарлады.
Атап айтқанда, оның айтуынша, бұрын «Іле-Алатау Тур» ЖШС-не тиесілі 3,5 мың га жер телімі туралы сөз болып отыр.
«Аталған жер телімі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысымен мемлекеттік меншікке қабылданды», - деп нақтылады депутат.
«Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының мүшелері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылында болып, халықпен кездесулер өткізді.
«Кездесуде біз халыққа ауданы 2,4 мың га «Буғыты» қыстауының мемлекеттік меншікке қайтарылатыны туралы хабарладық, Сонымен бірге Іле-Алатау саябағының бөктеріндегі халық арасында Ассы үстірті деп аталатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3,5 мың га жерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы жарияладық», - деп жазды Базарбек.
Оның ақпараты бойынша, бұдан әрі «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының мүшелері Ақмола облысына жіберіледі.