Қостанайдағы агромеханикалық зауыт пандемия кезінде адам өмірін сақтауға көмектесуде
Коронавирустық пандемия кезінде Қостанай агромеханикалық зауыты (Olzha Agro агроөнеркәсіптік холдингінің құрамына кіреді) аймақтағы медициналық мекемелерді толықтай қамтамасыз ету үшін сығылған оттегі өндірісін арттырды. Бұл туралы Olzha Agro компаниясының баспасөз хатшысы Игорь Нидерер мәлімдеді.
«Қостанай агромеханикалық зауытында сығымдалған оттегіні шығаратын үш желі жұмыс істейді. Яғни біз ауаны салқындатып, оны фракцияларға бөлеміз: азот, оттегі, неон, гелий және т.б. Бүгінде біздің зауыт өңірдегі сығылған оттегінің ірі өндірушісі болып табылады, оны медициналық мекемелерге үлестіріп, олардың оттегіге деген басты қажеттілігін қамтамасыз етудеміз», - деді Игорь Нидерер.
Компания ауыл шаруашылық техникаларын, қосалқы бөлшектер мен агрегаттарды жөндеу және өндіру процесінде дәнекерлеу кезінде сығымдалған оттегіні қолданады. Аталған мекеме сонымен қатар сервистік станциялармен және басқа ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді, бірақ соңғы айларда бұрын жасалған келісім-шарттарды орындай отырып, негізінен облыстың медициналық мекемелеріне өнімдерін жеткізуде.
Қазіргі уақытта Қостанай агромеханикалық зауыты күніне 400-ге дейін оттегі баллондарын шығарады, осылайша өндірістің қуатын үш есеге арттырды. Бұл үшін компания техникалық қондырғылардың жарамсыз болып қалуына байланысты тоқтап қалған үшінші желіні іске қосты. Пандемиядан бұрын бұл компрессорлық желінің қажеті болмады, бірақ ауыр науқастар үшін оттегіге деген сұраныстың артуымен желі жедел түрде пайдаланыла бастады.
«Бұған дейін де біз медициналық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеген едік. Ауруханаларға оттегі шығаратын қондырғылар қанша қажет болса, біз сонша мөлшерде қамтамасыз ететінбіз. Енді отегінің маңызы зор болғандықтан, өмірді сақтайтын стратегиялық шикізат деп айтуға болады, біздің оттегі станциясының рөлі едәуір артты. Компания барлық күш-жігерін медициналық мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттауда», - деп қорытындылады ойын Игорь Нидерер.
Айта кетсек Olzha Agro агрохолдингі астық жинау науқанын аяқтады деп хабарланған болатын. Аталған мекеме өздерінің табысты тәжірибелеріне сүйене отырып, күздік дақылдардың егістік алқабын 14 есе арттырмақшы.