Сағынтаев ЕЭК алқасының төрағасы қызметіне кірісті

1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қызметіне кірісті. Бұл туралы ЕЭК хабарлады.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕЭК алқасының төрағасын Жоғары Кеңес ротациялық негізде төрт жыл мерзімге тағайындайды. Ротация ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атауы бойынша орыс әліпбиінің тәртібімен кезекпен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

Бақытжан Сағынтаевтың мемлекеттік және халықаралық қызметте мол тәжірибесі бар. 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) болып жұмыс істеді. Ал бұған дейін Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарған, оның ішінде 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрі болған. Құрмет (2008 жыл), Парасат (2013 жыл), lll дәрежелі Барыс (2021 жыл) ордендерімен марапатталған.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.