Ұлттық банкте Қазақстандағы азық-түлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Kursiv.kz-ке берген  сұхбатында Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің жылдық мәні11,3% - ға жетіп, қымбаттау себебіне түсініктеме берді.  

А.Баймағамбетов атап өткендей, ҚР-дағы инфляция жыл басынан бері тез  көтеріліп, шілде айында жылдық мәні  7,1% - ды құрады. Бұл ретте инфляцияға әсер еткен азық-түлік бағасы болып отыр.

«Ең көп бағасы  көтерілген дәнді дақылдар (40,4%), жемістер (23,1%), жұмыртқа (19,8%), сондай - ақ ет (12,9%) қымбаттады... Аталған жарма өнімдерінің ішінде инфляцияға айтарлықтай әсер еткен қарақұмық (бағаның өсуі 67,9%) болғанын атап айтуға болады.Қазақстанда оны тұтыну өткен жылы 43,8 мың тонна болды», - деді Ұлттық Банк басшысының орынбасары.

 Оның пікірінше, бағаның өсуі тек кейбір өнімдерге сұраныстың артуымен байланысты. Бұл негізінен карантин жағдайында жеткізу тізбегінің бұзылуына, сондай-ақ теңгенің әлсіреуі аясында импорттық өнім құнының өсуіне байланысты болды.

«Азық-түлік инфляция деңгейінің жоғары және құбылмалы болуы (яғни өзгеруі) өңдейтін өнімдердің жеткіліксіз болуы, сапасыз сақтау және тасымалдау, дұрыс емес бәсекелестік проблемаларынан туындады. Өкінішке орай, бүгінде бірқатар тауарлар бойынша импортқа тәуелділік жоғары және ішкі нарықтың отандық өнімдермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі болып отыр. Оларды өндіру үшін бізде барлық қажетті жағдайлар бар», - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Оның пікірінше, нарықты отандық тауарлармен толтыру импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, жылыжайларды көбейту және жылыжай көкөністерінің жалпы жиналуының арқасында соңғы жылдары жаңа піскен көкөністер бағасының өзгеруі 1,5 есеге төмендеді.

Сондай-ақ, ҚР-да азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және азық-түлік бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін түрлі құралдар қолданылады. Оның ішінде-ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыруға, нарықты отандық өндіріс тауарларымен толтыру  үшін өңдейтін  өнеркәсіпті дамытуға бағытталған «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қолдану керек.

«Үкімет көтерме-тарату орталықтарын салу жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта аталған шаралар азық - түліктің жекелеген түрлеріне бағаның өсуін шектеп, нарықты жергілікті тауарлармен қамтамасыз ететін болады», - деп түйіндеді Ақылжан Баймағамбетов.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.