Жыл басынан бері тұрақтандыру қорларынан 38,3 мың тонна азық-түлік сатылды

 Қазақстан аймақтарына жыл басынан бері тұрақтандыру қорынан 38,3 мың тонна тамақ өнімдері сатылды. Сонымен бірге жаңа маусымнан азық-түлік қоры жинастырылуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Биылғы жылдың басынан бері тұрақтандыру қорларынан 38,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылды. Бұл ретте тұрақтандыру қорларына 38,2 мың тонна азық-түлік сатып алынды, оның ішінде ұн - 21,2 мың тонна, қант - 6,5 мың тонна, картоп - 3,1 мың тонна, макарон өнімдері - 2 мың тонна, күріш - 1,7 мың тонна, қарақұмық - 0,7 мың тонна және азық-түліктің басқа түрлері», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде тұрақтандыру қорларында 27,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сақталуда: 12,5 мың тонна ұн, 7,9 мың тонна қант, 1,7 мың тонна макарон, 1,4 мың тонна күріш, 1,3 мың тонна өсімдік майы және басқа да тамақ түрлері.

«Қайтарылу схемасы» бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі 8,8 млрд. теңгені құрайды. Алдағы егін жинау кезеңін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  бағаларын ескере отырып, облыс әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу қажет», - деп атап өтті С.Омаров.

Жалпы алғанда Қазақстанда азық-түлік тауарларының 16 түріне арналған мемлекеттік резервтер құрылғанын хабарлады министр. Осы мақсаттарға 16,7 млрд.теңге бөлінді, бұл 43,5 мың тонна азық-түлік сатып алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта облыстарда 619,2 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және 318,6 миллион дана жұмыртқа бар, деп сөзін қорытындылады министр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.