Шығыс Қазақстан АШТС және Күріш шаруашылығы институтында жаңа басшылар
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының директорлар кеңесінің шешімімен Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және Шығыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының басқарма төрағалары сайланды. Бұл туралы ҰАҒБО-да хабарлады.
Күріш шаруашылығы ҒЗИ - Сұлтанхан Тәуіпбаев, ал ШҚ АШТС - Кенжеғазы Тоқтасынов басқарды.
Бұған дейін ҰАҒБО-да ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы өзара іс-қимыл құрылымын оңтайландыру туралы шешім қабылданған болатын.
Атап айтқанда, әзірленген Жол картасына сәйкес, Қазақстанның оңтүстігінде мал шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен, мақта және бақша өсірумен айналысатын төрт түрлі еншілес ұйымды «Оңтүстік» ғылыми-өндірістік орталығына біріктіру ұсынылады. Жаңа ҒӨО берілетін объектілерді қаржылық сауықтыруды, өңірдің аграрийлерімен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, жабық топырақ, тиімді суару және бақша өсіру орталықтарын құруға тиіс.
Сондай-ақ, ҰАҒБО құрылымын оңтайландыру екі еншілес ұйымды әртүрлі меншік үлестері бар әкімдіктерге беруді көздейді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында берілетін өңірлік тәжірибелік шаруашылық негізінде жылқы шаруашылығы институтын құру жоспарлануда.