Қостанай облысының егістік алқаптарында Қытайдан келген элиталық дақылдардың сорттық сынағы жүргізіледі

Baitursynuly University және ҚХР Cолтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (NWAFU) халықаралық ауыл шаруашылығы экспериментін жүргізеді. Мамыр айында Қостанай егістіктерінде ҚХР-дан элиталық дақылдардың сорттық сынағын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде хабарлады.

Тәжірибені Baitursynuly University және NWAFU ғалымдары ғана емес, сонымен қатар облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары да бақылайды. Олар үшін қытайлық ғалымдар біліктілікті арттыру курстарын өткізеді, онда аграрлық саладағы соңғы жаңалықтармен бөліседі.

Baitursynuly University делегациясы ҚХР ЖОО-да болып, өзінің ғылыми әзірлемелерін Silkwoard workshop on sustainable Crop production халықаралық семинарында ұсынды. Сапардың нәтижесі ғылыми-зерттеу қызметі мен академиялық ұтқырлыққа бағытталған бірқатар ауқымды жобалар болды.

Атап айтқанда, келесі оқу жылынан бастап серіктес жоғары оқу орындары академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттермен алмасуды жолға қояды, сондай-ақ «Агрономия» ББ қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Baitursynuly University негізінде тұқым шаруашылығы орталығы мен картопты вируссыз өсіру бойынша бірлескен зертхана құру жоспарлануда.

«Бұл тек ЖОО үшін ғана емес, біздің өңірдің ауыл шаруашылығының барлық саласы үшін серпіліс», - деп атап өтті министрлікте.

NWAFU университеті өткен жылдың қазан айынан бастап Baitursynuly University-мен серіктес болды. 

«Бірнеше сапардың қорытындысы бойынша біз академиялық және зерттеу сипатындағы іс-шараларды қамтитын ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасын әзірледік. Осы айдың өзінде Baitursynuly University-ге Қытайдан үш айлық тағылымдамадан өтетін магистранттар келеді», - деді университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Исакаев.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.