20 августа 2020 Қазақстан

Сауда министрлігі ҰТЖ іске қосылғанда азық-түлік тауарларының бағасы 45% дейін төмендейді деп болжауда

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ұлттық тауар өткізу жүйесі (ҰТЖ) іске қосылғаннан кейін  45% - ға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кезінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Министр хабарлағандай, құрылатын ҰТЖ фермерлерді, сатып алушыларды, тасымалдаушыларды, делдалдар мен ритейлерлерді бірыңғай кластерге біріктіретін тұтас сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы құрылым бойынша бірыңғай цифрлық жүйемен жабдықталған 24 көтерме –тарату орталығы салынатын болады. Бұл өндірушіден тұтынушыға дейін өнім жеткізу тізбегін оңтайландыруға, өнімді сақтау, тиімді бөлу және сату үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Мұндай жүйе құру арқылы - тауар шығынын азайтуға болады. Фермерлер бұл шығындарды инвестицияға айналдырып, өз кәсіптеріне пайдалана алады», - деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, өндірушілер тікелей өнімдерін сатуға қол жеткізе алады, бұл фермердің де, жалпы саланың да кірістерін айтарлықтай арттырады.

«Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі қамтамасыз етіледі, егер жүйе толық жұмыс істесе, шамамен 45%-ға арзандайды. Бұл біздің тұтынушыларымызға жылына шамамен 60 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп айтты Сауда министрі.

Ол сондай-ақ, ұлттық тауар өткізу жүйесі бағаның тұрақты болуын қамтамасыз етіп, маусым кезінде бағаның өзгеруін болдырмауға мүмкіндік жасайтынын өтті.