Қазфосфат өндірісті кеңейту үшін 40 миллиард теңге несие алды
«Қазфосфат» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тан 40 миллиард теңге несие алуға келісім алды. Аталған қаражатты инвестициялау мен айналым қаражатын толықтыруға, тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қосылыстар өндіруге жұмсау жоспарланып отыр. Несие «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Даму» атты кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен пайыздық мөлшерлемені кепілдендіру және субсидиялау барысында мақұлданды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Палата атап өткендей, Қазфосфат 20 түрлі фосфор өнімдерінің негізгі өндірушісі болып табылады, сондай-ақ кәсіпорын - сары фосфор, триполифосфат натрий, минералды тыңайтқыштар, жемдік фосфаттар, күкірт қышқылы және басқа өнімдерді шағарумен айналысады.
Кәсіпорынның негізгі өндіріс орындары Жамбыл облысында орналасқан. Мұнда фосфат шикізатын толық өңдеу жүзеге асырылады және дайын өнім тұтынушыларға теміржол көлігі арқылы жеткізіледі. Компания фосфорит кенін өндірумен және өңдеумен, сары фосфор мен оның түрлерін шығарумен, минералды тыңайтқыштар мен жемдік фосфаттар өндірумен айналысады.
Компания қолданып жатқан нысандарын қайта құру және жажасауда. 2018 жылы инвестициялар шамамен 13 млрд теңгені құраса, 2019 жылы инвестиция көлемі 21 млрд теңгеге жетті. Қазақстандағы, Қытайдағы, Ресейдегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және жобалау институттарымен бірге әртүрлі жұмыстарды жүзеге асырады.