24 сентября 2025 Қазақстан

Қазақстан Малайзияның желілері мен мейрамханаларына 4,5 млн долларға өнім жеткізеді

Қазақстан малайзиялық дистрибьютормен жылына 3 млн доллар сомасына және Hadramawt Kitchen мейрамханалар желісімен жылына 1,5 млн доллар сомасына ниет туралы шартқа қол қойды. Жеткізу туралы келісімге Malaysia International Halal Showcase (MIHAS-2025) әлемдік халал-индустрия көрмесінің аясында қол жеткізілді, деп QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы хабарлады.

Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Lucky Frozen және NSK Grocer бөлшек саудагерлерінде тестілеуге тапсырды, бұл сауда желілеріне кейінгі жеткізілімдерге жол ашуға көмектеседі.

Көрме аясында «Қазақстан-Малайзия» бизнес–форумы өтті. Оның қорытындысы QazTrade және MATRADE арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды, ол қазақстандық өнімді Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

QazTrade сонымен қатар Қазақстанның павильоны MIHAS-2025 орталық нүктелерінің біріне айналғанын атап өтті. Экспозицияның белгісу «Алтын Орда» авторлық дизайн үйімен безендірілген заманауи этностильдегі қазақ киіз үйі болды. Myrza Brand брендінің шапандары ерекше қызығушылық тудырды. Меморандумға қол қою рәсімі кезінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осындай шапанды MATRADE Dato’ Sri Reezal Merican Naina Merican корпорациясының төрағасына ұсынды.

«Малайзия бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестеріміздің бірі. Бірінші жартыжылдықта тауар айналымы шамамен 46%-ға өсіп, 98,9 млн долларға жетті, ал Қазақстаннан экспорт үш еседен астамға — 2,8 млн долларға дейін өсті. Бұл нәтижелер мен MIHAS-2025 келісімшарттары — қазақстандық өнімге қызығушылық артып келе жатқанының белгісі және бізде ынтымақтастықты кеңейтуге барлық мүмкіндіктер бар», - деп атап өтті QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.