Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда күн суытып, түнгі үсік күтіледі
Алдағы күндері, 26-28 қыркүйек аралығында, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыстан келетін антициклон әсер етеді. Соның нәтижесінде температура төмендейді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
26-28 қыркүйекте солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. 27-28 қыркүйекте мұндай жағдай елдің солтүстік-батысы мен орталық бөлігінде де болжанып отыр.
Алдағы күндері Қазақстанның шығысында, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Сонымен қатар түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.
Оған қоса, республиканың көптеген облыстарында жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.