Синоптиктер Қазақстанда қыс жұмсақ болады деп болжам айтуда
Қазақстан аумағында алдағы қыс былтырғы жылдағыдай жылы және жауын – шашынды болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
«Желтоқсан мен қаңтар айларында республиканың батысынан басқа аймақтарда жауын-шашын болады деп болжануда. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде жауын - шашын мөлшері нормадан жоғары болады, ал оңтүстік-батыста нормаға сай болады деп күтілуде», - деп хабарлады синоптиктер.
Қыс мезгілінде Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп күтілуде, тек елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығыс аймақтардың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – норма бойынша болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан Нан күнін алғаш рет тойлауда
Алдағы жылдың наурыз айы жылы және жауын аз болады деп болжануда. Қазақстан аумағының басым бөлігінде бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болады. Жауын-шашын мөлшері ел аумағының басым бөлігінде нормадан төмен түседі, Қиыр Солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде нормаға сай болады, ҚР шығыс тауларында нормадан жоғары болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Айта кетейік, өткен 2019-2020 жылдардағы қыс та жылы және жауын-шашынды болды. Алдын-ала дайындық жұмыстары уақтылы жүргізілгендіктен егістікте жеткілікті ылғал жиналып, сапалы өнім алуға мүмкіндік болды.