Қытай өз жерінде Қазақстан Республикасына ет сататын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды
Шанхайдағы CIIE-2020 халықаралық импорт көрмесі қазақстандық азық-түлік өндіретін компаниялардың қытайлық ірі кәсіпорындармен, импорттаушылармен және дистрибьюторлармен келісімшарттар жасасуымен аяқталды. Қытай нарығында ҚР тауарларын насихаттап, сату үшін мамандандырылған кәсіпорындар құру ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
CIIE-2020 көрмесіне Қазақстан Республикасының тамақ өндіретін 35 компаниясы қатысты. Сауда министрлігінің хабарлауынша, көрменің бес күнінде қазақстандық ұлттық павильонға 1000-нан астам қытайлық компаниялардың өкілдері келді. Олардың арасында тамақ өнімдерін сатушылар мен импорттаушылар, ірі сауда желілері мен мейрамханалардың өкілдері бар.
«Олар жай қарап, аралап көрген жоқ, біздің мүмкіндіктерімізді жан-жақты зерттеді. Көрмеге қатысқан әрбір қазақстандық компания орта есеппен әлеуетті қытайлық серіктестердің 10-нан 30-ға дейін B2B байланысын алды. Сонымен қатар, ынтымақтастық туралы меморандумдар/ келісімдер жасалды (немесе жасалу үстінде)», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook бетінде.
Тақырыпқа байланысты оқу: QazTrade Қазақстандық компанияларды Қытай нарығына шығуға дайындауда
Жасалған келісімдерге сәйкес, Қостанайдағы ГМО-сыз күнбағыс майын JiuSan Group компаниясы, ал Шандонг Джу Хэ И «Рыбпром» ЖШС-дан жаңа мұздатылған балық сатып алуды жоспарлап отыр. CPU Supply Chain Management Co. Ltd. келісімшартқа қол қоюға және «Ет өңдеу және сервис» ЖШС-дан ет сатып алуға дайын.
«Сонымен қатар, Қытайлықтар Қытай жерінде біздің етімізді сату үшін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды», - деді министр.
Сонымен қатар, Chinese Central Yuetang International Trade City Оңтүстік Қытайда өте қолайлы шарттар бойынша Қазақстанның Сауда үйін ашуды ұсынды. Сауда министрлігі басшысының айтуынша, бұл мәселе сөзсіз қарастырылып, талқыланатын болады, себебі Оңтүстік Қытай - жарты миллиардтан астам халқы бар нарық.
Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілердің Қытайдан келетін әлеуетті сатып алушылармен келіссөздері алдағы апталарда бизнес-сессиялар аясында жасайтын болады.
CIIE-2020 көрмесінде қазақстандық ұн тартатын компаниялар крахмал өнімдері, ет және балық, сусындар, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер мен бал, өсімдік майлары, тұздықтар мен тұз ұсынылды.
Аталған көрмеге KazBeef Group, Kublei, DEP, Eurasia Invest, Lider-2010, BioOperations, Mareven Food Tian-Shan, Sultan Marketing, Arba Wine, Bayan Sulu, Eurasian Foods Corporation және тағы да басқа компаниялар қатысты.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazBeef Қытай нарығына шығуды жоспарлауда
Бұл компаниялардың көпшілігі сауда министрлігі ұйымдастырған- QazTrade Accelerator экспортты жеделдету бағдарламасының қатысушылары болып табылады. Аталған жұмыс барысында соңғы айларда қытай бизнесімен байланыс жасауда ауқымды алдын-ала жұмыстар жүргізілді. Акселерацияны ұйымдастырушылар WeChat және Weibo платформаларында маркетингтік науқан бастап, қытайлық индустриялық журналдар мен іскерлік бірлестіктерде жарнама жасады.
Сонымен қатар, жыл бойы отандық тауарларды Қытайдың сауда желілері мен базарларына сату бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар сауда желілерінің өкілдері Шанхайдағы қазақстандық павильонға арнайы барып, өнімдерді көріп, жеткізілім туралы келісім жасасты.