25 марта 2021 Қазақстан

Жер комиссиясы ауыл шаруашылық жерлерін сатып алу туралы шешімді қабылдауды ұсынды

Жер реформасы жөніндегі комиссиясы моратори енгізілгендіктен уақытша тоқтап тұрған қазақстандықтардың ауыл шаруашылық жерлерін сатып алуына мүмкіндік беру туралы шешім қабылдауы тиіс. Бұл туралы бүгін Комиссияның бірінші отырысында  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

2016 жылы мемлекет басшысының жарлығымен Жер кодексінің кейбір баптарының жұмысына мораторий енгізілді. Атап айтқанда, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың ауыл шаруашылық жерлерін жалға алуына тыйым салынады. Жеке меншікті сатуға және ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктер бірлесе басқаратын кәсіпорындарға жалға беруге тыйым салынады. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын беруге және ауыл шаруашылық жерлерін мемлекеттен сатып алмай жалға беру құқығын иеліктен шығаруға тыйым салынады. Мораторий 2021 жылдың соңына дейін енгізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпан айының соңында ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ қандастарға сатуға және жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырды.

Тақырыпқа байланысты оқуТоқаев парламентке жер туралы заң жобасын жіберді

«Қазір іс жүзінде мораторидің кейбір мәселелері ғана шешілмей қалды: атап айтқанда ауыл шаруашылық жерлерін қазақстандықтардың жеке меншігіне беру үшін сатып алуы тиіс, онсыз жалдау құқығы болмайды, ауыл шаруашылық жерлерін мемлекеттен сатып алмайынша жалға бере алмайды, ұзақ мерзімге пайдалана алмайды», - деді Сапархан Омаров.

Ол 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілгендігін және ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке сатып алуға немесе 49 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жалға жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігін еске салды. 2015 жылы Жер кодексіне енгізілген түзетулер ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігін болдырмайды. Жеке меншік құқығын алу үшін қолданыстағы жер пайдаланушылар кадастрлық құнынан 50% жеңілдікпен бір реттік төлем негізінде немесе жерді сатып алу үшін мемлекеттен жердің толық құнын 10 жылдық төлеммен жерді сатып алуға міндетті болды Сондай-ақ, 2015 жылы ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттен сатып алмай жалға беру құқығын алып тастау мүмкіндігі туралы түзету енгізілді.

«Бұл түзетулерге 2016 жылы мемлекет басшысының жарлығымен тиісті заң қабылданып, мораторий енгізілді. Жер комиссиясының отырыстары аясында жоғарыда аталған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау ұсынылады», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Тақырыпқа байланысты оқуШетелдік инвесторлар ауыл шаруашылығына байланысты  жобаларға қатыса алмайды

Еске салсақ, Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексі жобасының нормаларын талқылау және ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысын жалғастырды.