07 апреля 2021 Қазақстан

Қазақстанда биылғы көктем ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болуда

Павлодар облысының фермерлері көктемдегі ылғалдан және қыстық жауын-шашынының жоғары болуынан жақсы пайда табамыз деп жоспарлауда. Бұл туралы ElDala.kz порталына «Фирма «Арго»ЖШС директоры Олег Литвиненко айтып берді.

- Біз Железин ауданында жұмыс істейміз, мұнда жағдай жақсы, ауа-райы қолайлы болуда, - деді аграршылар. – Біздің аймақта көктем шуақты, түнде қатты аяз жоқ, күндіз де соншалықты жоғары температура болмайды. Сондықтан, қар ақырын, біртіндеп ериді. Яғни, ылғал топыраққа барынша сіңеді, жыраға ағып кетпейді.

Әрине, әрі қарай жағдай әр түрлі болуы мүмкін, бірақ көктемнің алғашқы кезі біз үшін қолайлы болып тұр. Олег Литвиненко жалпы алдағы маусым туралы болжамдарға сенбейді, себебі олар сирек орындалады. Ауа-райын болжап айтудың қажеті жоқ. Себебі табан астында табиғаттың қалай өзгеретіні  алдын ала айту мүмкін емес.

Тақырыпқа байланысты оқуСолтүстік аймақтағы фермерлер жауын шашынды күтуде

Олег Литвиненко: «Өткен жылы, 20 сәуірде біздің облыста ауа температурасы +30 градустан жоғары көтерілгені әлі күнге ойымызда», - деді. - Сондықтан, болжап айту қиын, бәрі табан астында өзгеріп кетуі мүмкін. Қазіргі жағдай,  өте қолайлы. Әрі қарай қалай болатынын көреміз.

Бұл өткен қыстағы жағдайды еске түсіреді, ол кезде жауын-шашын болмаған еді. Бірақ қыс аяқталар кезде- ақпан мен наурыз айларында, қар көп жауды. Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Дәл осындай жағдайлар көктемде де болуы мүмкін.