14 апреля 2021 Қазақстан

Жер туралы заң жобасы сенатқа жіберілді

Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжат одан әрі қарастырылу үшін сенатқа жіберілді.

Аграрлық мәселелер жөніндегі мәжіліс комитетінің қорытындысында атап көрсетілгендей, заң жобасы шетелдік жер пайдаланушыларға, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға, қандастарға иелік етуге тыйым салады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері келісімшарт негізінде уақытша пайдалану құқығы бойынша беріледі.

Таұырыпқа байланысты оқуАйдарбек Ходжаназаров: Шетелдіктерге жер берсек, біз барымыздан айырыламыз

Аталған заң жобасы мәжілістің алғашқы отырысында 7 сәуір күні қабылданды. Бұл құжатты талқылау барысында депутаттар заң жобасының орындалуын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді.

Еске сала кетсек, аталған заң жобасы ауыл шаруашылық жерлерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салады, сонымен қатар шетелдіктердің қолданыстағы жерді жалдау шарттары уақытша болып табылады.

«2016 жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатынастары бар ғылыми орталықтарға, қандастарға жалдау негізінде берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша пайдалану құқығында қалады, сондай-ақ  жалдау келісімшарты аяқталғаннан кейін жаңа мерзімге ұзартылмайды», - деп жазылған құжатта.