Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚР-да АҚШ пен Канаданың тәжірибесі жайлы бейне курс өткізіледі
Әлемдегі COVID-19 пандемиясы кезіндегі рейстердің ұшуы және кездесу ұйымдастырудың қиындығынан «Культивариум» білім беру платформасы «Тревелайт» компаниясымен бірлесіп, «Практика АҚШ пен Канаданың агрономия саласындағы нақты тәжірибесі атты видео курс бастайды. Аталған курс пайдалы технологияларды көрсетіп, агротехнологиялық жұмыстарды орындауға кететін шығындарды төмендетуге арналған практикалық ұсыныстар береді.
Бейне-курс американдық және канадалық фермерлердің, ғалымдардың, ғылыми зертханалар мен компаниялардың практикалық тәжірибелерін көрсетеді. Атап айтқанда, мұнда экономикадағы еңбек тиімділігін едәуір арттыруға, шығындарды азайтуға және нарық жағдайында бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін нақты технологиялық тәсілдер ұсынылған. Қазақстандық фермерлер жүгері, соя, бидай, күнбағыс, рапс және арпа өсіру технологиясы бойынша ғалымдардың ұсыныстарымен таныса алады.
Бұл курста АҚШ пен Канададағы ең үздік фермерлік тәжірибені ала отырып, авторлары оларды Қазақстан жағдайына бейімдеді. Атап айтқанда, Қазақстанның суармалы жерлердің аумағын 2,5 есеге, 1,4 млн гектардан 3,5 млн гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын ескере отырып, курс суару арқылы әртүрлі дақылдардың кірісін қалай арттыруға болатындығын айтады. Айтылатын нұсқаулықтар өнімнің шығынын тез өтеу үшін суарудың оңтайлы технологиясын таңдауға көмектеседі.
Жүгер өсіру технологиясы бойынша ғалымдардың ұсыныстары оңтүстік облыстардың фермерлеріне керекті де қызықты болады. Бұл дақыл экономикалық тұрғыдан тиімді, ылғал сүйгіш дақылдарды алмастыра алады.
Аталған курс аясында жоғары рентабельді дақылдарды өсіруде қазақстандық фермерлерге пайдалы болатын практикалық ұсыныстармен қатар 32 бейне дәріс дайындалды. Курстың жалпы ұзақтығы 30 сағатты құрайды, оның барысында келесі тақырыптар ұсынылады:
• АҚШ пен Канададағы 9 фермаға шолу жасалады;
• Жүгері, соя, бидай, күнбағыс, рапс және арпа өсірудің барлық кезеңдеріне арналған ғалымдардың тәжірибелік кеңестері;
• WARD және Seed Lab, KSU soil Lab зертханаларына МКС және CHS кооперативтеріне шолу жасау;
• Тыңайтқыштарды қолдану және енгізу бойынша ұсыныстар;
• Суару технологиялары туралы;
• Брассиностероидтар және өндірістік агрономия;
• Нақты егіншілік: қазіргі жағдай және болашақ;
• Нақты егіншілікке арналған техникалық тәсілдер;
• PXRF және VisNIR технологияларын қолдану
«Достар, білім ара қашықтыққа қарамастан, барлық шекараны асып өтіп, локдаунды еңсеріп, кедергілерді жеңді. Орталық Батыс аграрлық ғылымының гуруы сіздерге кездесуге келді деп елестетіп көріңіздер. Мұнда қиын құрғақ жағдайда дақылдарды өсіру технологиялары, құнарландыру және жерді суару туралы айтады. Танымал фермерлер өз шаруашылықтарының тарихымен бөлісіп, өндірістерін қалай бастағандары жайлы, жаңа деңгейге қалай шығу керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып, кеңес береді. Әлемге әйгілі сервистік компаниялар сіздерге нақты егіншілікке қатысты нұсқаулар береді. АҚШ - тың жетекші аграрлық университеттерінің қолдауымен Travelite және «Культиварий» бірлесіп -«АҚШ пен Канаданың нақты егіншілігі» туралы курсын ұсынады» - деді «Культиварий» білім беру платформасының жетекшісі Александра Камышина.
Осы курсты жасау барысында ұйымдастырушылар 11 қызмет көрсететін компаниялармен және төрт белгілі университеттермен бірлесе жұмыс істеді. Бұл бейне дәрістерден әлемге әйгілі зертханаларда тұқымды қалай себетінін, нақты егіншілікке арналған машиналар мен жабдықтардың қалай жасалып, сынақтан өтетіні жайлы білуге болады.
Аталған курстың спикерлері танымал ғалымдар:
• Дэвид Вайндорф, Орталық Мичиган Университетінің (CMU) ғылыми-зерттеу және инновация жөніндегі вице-президенті;
• Питер Ковач, Оңтүстік Дакота мемлекеттік университетінің (SDSU) агрономия, бау-бақша және өсімдіктану кафедрасының ассистенті;
• Энтони Блай, Оңтүстік Дакота мемлекеттік университетінің (SDSU) агрономия, бау-бақша және өсімдік шаруашылығы кафедрасының маманы;
• Джоэл К. Рансом, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің өсімдік шаруашылығы профессоры (NDSU);
• Фрэнк Кейси, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің табиғи ресурстар мектебінің директоры (NDSU);
• Николас Уилки, Оңтүстік Дакота мемлекеттік университетінің (SDSU) ауыл шаруашылық жүйелері технологиясының нұсқаушысы;
• Чарли Столтеноу, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің профессоры (NDSU);
• Ганс Кандел, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің профессоры (NDSU);
• Доривар Руиз Диаз, Канзас мемлекеттік университеті (KSU) Агрономия кафедрасының профессоры;
• Роберт Кремер, Миссури мемлекеттік университетінің профессоры (MSU).
Сонымен қатар бұл курсқа нақты егіншілікпен айналысатын 9 шаруашылық иесі қатысады, олар өздерінің өндірістік тәсілдері мен тәжірибелерін ұсынады. Шаруашылықтардың иелері мен басқарушылары өздерінің шаруа қожалықтарына бейне шолу жасап, оны жазып, қазақстандық фермерлерді толғандыратын маңызды сұрақтарға жауап берді.
«Бейне дәріс барысында біз АҚШ пен Канадада табысты жұмыс істеп жатқан экономикалық тиімді нақты егіншілік технологиялары туралы айтамыз. Сіздер Солтүстік Америкадағы ауыл шаруашылық ғылымдары, зертханалары мен сервистік қолдау көрсететін компаниялар фермерлерге қалай қызмет ететінін көресіздер», - деді Travelite компаниясының негізін қалаушы және директор Роман Гринишин.
«АҚШ пен Канаданың нақты егіншілік пен агрономиядағы тәжірибесі» жайлы видео-курс туралы толық ақпаратты сілтемені басып оқи аласыздар.