Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
«Санды» технологияның фермерлер үшін пайдасы
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мамандары «Ауылшаруашылық бизнесінде ақпараттық технологияларды қолдану» - атты тақырыпқа фермерлер үшін вебинар өткізді.
Қорды пайдалану
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының бас техникалық кеңесшісі Фируз Иброхимовтың айтуынша, ұйым 1994 жылдан бері елімізде көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді, олардың барлығы ең жақсы халықаралық тәжірибені аймақтарға енгізуге бағытталған.
«Біздің негізгі жұмыстарымыздың бірі - ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу», - деді Фируз Иброхимов. - Соның арасында егіншілік жүйесіне байланысты жобалар. Ол- тыңайтқыштарды дифференциалды қолдану, ақылды технологиямен егіс егу, агрохимиялық тексеру, ауа-райын болжау және тағы басқалары бар. Біз бұл жобаларды Қостанай және Ақмола облыстарының шаруашылықтарында жүзеге асырдық. Сонымен қатар, 2018 жылы біз Қазақстаннан бір топ сарапшылардың АҚШ-тағы нақты егіншілік жүйесін қолданатын ең үлкен орталығы орналасқан Эшевиль (Оңтүстік Каролина) қаласына сапарын ұйымдастырдық, деді ол.
Америка Құрама Штаттарында 1943 жылдан бастап жел эрозиясының алдын-алу үшін ресурстарды үнемдейтін технологиялар қолданылады. Соның нәтижесінде жердегі шығын 95% -ға азайды. Сонымен қатар, бұл отынның 80% -ын және жұмыс күшінің 60% -ын үнемдейді. Осындай мәліметтер Канада, Австралия және басқа да көптеген елдерде бар.
«Өкінішке орай, Түркістан облысында қазір дәстүрлі суару жүйесі өте үлкен учаскелерде жүргізілуде, бұл топырақ жағдайының нашарлауына алып келеді», - деді Фируз Иброхимов. - Сонымен бірге, Қазақстанның суармалы егіншілік саласындағы күші өте үлкен, бірақ әлі толық пайдаланылмаған. Салыстыру үшін айтар болсақ, егер Қазақстанда суармалы жер қазір 1,1 млн га болса, Пәкістанда - шамамен 16 млн га, оның 40% -ы нақты егіншілік жүйелеріне пайдаланады.
Жағдайды жақсарту үшін БҰҰДБ «Алматы және Түркістан облыстарындағы суару жүйелері мен дренаждық желілер туралы фермерлердің институционалды мүмкіншілігін жақсарту және дамыту» жобасын дайындады. Ол жоспар бойынша биылғы жылы басталады.
Қашықтықтан бақылау
БҰҰДБ-ның Қазақстанда іске асырып жатқан қазіргі жобаларын атап айтсақ, интеграцияланған аумақты жоспарлау арқылы дала және шөлейт аймақтарға оналастыру; Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық экожүйесінің тұрақтылығын қолдау.
-Біз жобалардың бір бөлігін жергілікті ауылшаруашылық институттарымен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз, - деді Фируз Иброхимов. – Анықтап айтқанда, біз Солтүстік Қазақстанда дақылдарды егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Бұл өнімді тұрақты түрде көп мөлшерде алу үшін өте маңызды іс болып табылады.
Болашақта ақпараттық технологияларды мал шаруашылығына (ауруларды қашықтан диагностикалау, рационды қалыптастыру, малды бақылау, радиожиілікті сәйкестендіру) және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде (өндірісті автоматтандыру, логистикалық менеджмент, сапаны бақылау) енгізу қажет.
Тақырыпты оқу: ҚР фермерлері егін егу жұмыстарына кірісті
Фируз Иброхимовтың айтуынша, Америка Құрама Штаттарының дамыған фермаларында жануарлардың денсаулығының жай-күйін автоматты түрде диагностикалауға арналған бақылау-өткізу пункттері жүйесі бар. Малдар олардан өткен кезде сынамалар алынады, олар талдауға жіберіледі. Оның нәтижелері бойынша малдың жағдайы тексеріледі және ветеринардың көмегі керектігі туралы шешім қабылданады.
Пайдалы жүктеме
Қазақстанның аграрлық ғылыми орталықтарына келетін болсақ, ҚазАТУ-дың жерге орналастыру, сәулет және дизайн факультетінің деканы Фараби Ермеков фермерлерді өз тәжірибесімен таныстырды. Оның айтуынша, 2015 жылы университетте GIS -технология орталығы ұйымдастырылған. Географиялық ақпараттық жүйе жерді қашықтықтан зондтау үшін спутниктік суреттерді, радиолокациялық суреттерді және ұшқышсыз ұшу аппараттарының деректерін қолданады, ҚазАТУ-да аталған құрылғылардың бірнеше түрі бар. Олар тек оптикалық құрылғылармен ғана емес, сонымен бірге басқа да - лазерлік лидармен, жылу түсіргішпен, мультисекторлы және гиперспектралды камералармен жабдықталған. Дрондар нүктелік бағытта қолданылады - спутниктік суреттерді қолдана отырып, жағдайды анықтау қиын жерлерді түсіреді.
- Әр пиксельден біз 50-60 санды аламыз, оларды өңдеп, әртүрлі индекстер, мәліметтер аламыз. Фермерлер арасында ең танымал өсімдіктер индексін алуға болады», - деді Фараби Ермеков.
Көктемнен күзге дейін ғалымдар белгілі бір аймақтағы өсімдіктер индексін есептеу үшін әр 10 күн сайын спутниктік түсірілім жасайды. Ол 0-ден (жалаң топырақ) 1-ге дейін (дамудың максималды деңгейі) бақыланады. Индекстің жоғарылауынан бастап, қай жерде және қандай дақылдар өсетінін анықтауға болады.
Ең қызығы, бос тұрған егістік жерлерді де анықтауға болады. Пайдаланылмаған жерлерді анықтауға баса назар аударылады. Бұл әдіс әр түрлі климаттық жағдайларға арналған. Сонымен қатар, мониторинг деректері қай жерде екі жыл қатарынан егін егілмейтінін анықтауға мүмкіндік береді: Жер кодексіне сәйкес мұндай жерлер үкіметке қайтарылады. Ғалымдар аталған мәліметтерді аудан
әкімдіктеріне өткізеді, себебі жерді тиімді пайдаланатын меншік иелеріне беру үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында тапсырылады.
Дұрыс мәліметтер
2019 жылдан бастап ҚазАТУ мамандары егін егу мен егін жинау мониторингін бастады. Мамандар бірден жергілікті орындағы статистиканың бұрмалануына тап болды. Мысалы, егіс алқаптары туралы мәліметтер орта есеппен 10% артық.
Тақырыпты оқу: Маңызды аграрлық форумдар Қазақстанда күзде өткізіледі
Жиналмаған егіс алқаптары туралы статистика одан да қызықты болып шықты. Мысалы 2019 жылы бұл зерттеулер Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілді. Сонымен, егер 25 қазанда Ақмола облысы әкімдігінің мәліметі бойынша тек 39,9 мың га қардың астында қалды деп хабарланған болса, ондағы қашықтан бақылау 130,5 мың га жиналмағанын көрсетті! СҚО-да жағдай дәл осыған ұқсас - әкімдік 17,2 мың гектар егін алқабы туралы мәлімет берсе, ал мониторинг 114,9 мың га көрсеткен.
Осылайша, жаңа технологиялардың көмегімен нақты есептің бұрмалануының алдын алуға болады. Егістікті бақылау үшін дұрыс шешімдер қабылдау керек. Ал әкімдіктер жаңа технологиялардың артықшылықтарын жоғары бағалап, ҚазАТУ ғалымдарына ауылшаруашылық маусымының барысын бақылауды тапсырды.
Нақты егіншілікте қашықтықтан зондтауды қолдануға келетін болсақ, мұндай әдістер де жетілдірілуде. Қазіргі уақытта барлық зерттеулер 20 мың гектардан астам аумақтағы Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік станциясының базасында жүргізілуде.
-Онда метеостанция орнатылды, электрондық алаңдар мен топырақ карталары жасалды, рельефтері ескерілді және тағы басқа да жұмыстар жасалуда, - деді Фараби Ермеков. - Бізде алынған барлық мәліметтер интернетте тұрады. Осылайша, біз бұл жерден кетпей-ақ, жағдайды толығымен бақылауға тырысамыз. Қажет болған жағдайда тиісті шараларды уақытында қабылдау үшін дақылдардың дамуын бақылаймыз. Кейіннен, барлық деректерді талдай отырып, біз егін егудің қолайлы күнін болжауға, аурулардың таралу қаупін болжауға, сондай-ақ өнімнің мөлшерін есептеуге мүмкіндігіміз болады, деді маман.
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық ұйымында барлық қызығушылық танытып, қатысқысы келген фермерлер үшін Егістік күні ұйымдастырылды. Оны биыл да өткізуді жоспарлап отырмыз.