ҚР-да азық-түлік өндіруге қосымша субсидия бөлінеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған отандық нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалған. Аталған жоба еншілес компаниялар арқылы инвестиция салу үшін «Бәйтерек» ҰБХ жарғылық капиталын ұлғайтатын болады. Өнімнің алты түрін: құс еті, шұжық және сүт өнімдері, алма, қант және балық өндіруге қосымша субсидия бөлу және басқа да мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қарастырылған.

Бұл құжатқа сәйкес алма өсіруді мемлекеттік қолдауға (2021 жылы - 22,4 млрд теңге, 2022 жылы- 23,1 млрд теңге, 2023 жылы- 24,5 млрд теңге), қант өндірісіне - республикалық бюджеттен қосымша 26,87 млрд теңге қаражат жоспарланған. (2021 жылы - 5,97 млрд теңге, 2022 жылы- 8 млрд теңге, 2023 жылы- 12,9 млрд теңге).

Құс етіне инвестицияларды субсидиялауға қосымша 34,1 млрд теңге бөлінеді: 2021 жылы - 5,86 млрд теңге, 2022 жылы - 8,04 млрд теңге, 2023 жылы - 20,2 млрд теңге. Құс етін өндіруді субсидиялауға қосымша 32 млрд теңге бөлінеді: 2021 және 2022 жылдары - 10 млрд, 2023 жылы - 12 млрд теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сүт фермалары құрылысын қаржыландыру үшін 2% -дық мөлшерлемемен 10 жыл мерзімге қаражат алады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 15,2 лрд теңге бөлінеді: 2021 жылы- 6 млрд теңге, 2022 жылы - 5,2 млрд теңге, 2023 жылы- 4 млрд теңге.

Сүт өндіруге және оны қайта өңдеуге қосымша субсидия ретінде 21 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған: жыл сайын 7 млрд теңге беріледі. Сүт және сүт өнімдерін өндіруге ауылшаруашылық субъектілерінің салатын инвестицияларын субсидиялауға қосымша 65 млрд теңге бөлінеді: 2021жылы - 21,3 млрд теңге, ал 2022 жылы- 23,1 млрд теңге, 2023 жылы- 20,6 млрд теңге.

Тақырыпқа байланысты оқу: "Арзан несие банкрот үшін керек". АгроКараван, сұхбат

Елдегі алма бақтарын өсіруге салынатын инвестицияларды өтеу үлесі 25% -дан 40% -ға дейін өседі, осы бағытта үш жыл ішінде республикалық бюджеттен 54,2 млрд.теңге қаражат беріледі.

Сондай-ақ қант зауыттарын салуға (17,5 млрд. теңге), ауылшаруашылық жабдықтарын сатып алуға (121 млрд. теңге), суару жүйесін құра отырып, суды үнемдейтін технологияларды енгізуге инвестициялық субсидиялауға қосымша қаражат бөлінеді (11,6 млрд.теңге).

Басқа да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

Осыған орай бағдарламаға қатысатын алма мен қант өндірушілер үшін  міндеттемелер әзірленетін болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.