Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Жұмыртқа өндірушілер Қытайға экспортты ашуды сұрайды
Құс фабрикалары жаз кезеңінде жұмыртқаны өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға мәжбүр, сондықтан бұл уақытта олардың қосалқы шаруашылықтардағы өндірісі өсуде. Ал Ресейден демпингтік бағамен «сұр-беймәлім» схемалар бойынша өнімдер сатылуда. Сонымен қатар, қыста жұмыртқа бағасы күрт қымбаттап, өндірушілердің жазғы шығындары да жабыла бастайды. Маусым кезінде нарықта жұмыртқаның көп болып кету проблемасын болдырмас үшін жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы экспорттық нарықтарды да қарастыруда, соның ішінде Қытайға да өнімдерді сатуды жоспарлауда. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
БҚДА, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы,Қазақстан құс өсірушілер одағы және ірі құс фабрикалары өкілдерінің кездесуінде жұмыртқа бағасы талқыланды. Қауымдастық президенті Максим Божко, мәлімдегендей, қазір жұмыртқаның өзіндік құны 30 теңгені құрайды, ал фабрикалардың сататын бағасы екі апта бұрын 17 теңгеге дейін жеткен.
Жұмыртқаға деген ішкі сұраныстың жаз мезгіліндегі құлдырауына қоса Ресейден демпингтік бағамен сұр импорттық ағынымен өнімдердің келуі жағдайды қиындатып жіберді. Бұл жұмыртқалар ұсақ кәсіпкерлер, базардағы көтерме саудагерлер арқылы сатылады, шекара арқылы салық немесе ҚҚС төлемей тасымалданады.
Өткен жылдың желтоқсан айында бағаның күрт өсуіне келетін болсақ, ол үш себепке байланысты болды: құстардың жаппай қырылуына байланысты нарықта жұмыртқа тапшылығы, жемшөптің қымбаттауына байланысты өзіндік құнның күрт өсуі болды және АШМ-нен қолдау шараларының 2 есе қысқаруы әсер етті.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда жұмыртқа бағасы не себепті қымбаттады
Бағаның құбылмалылығымен күресу үшін қауымдастық өкілдері экспорттық нарықтар ашуды ұсынды. Бұл тұтыну нарығындағы ең үлкен Қытай елі болмақ.
Сондай-ақ, өндірушілер күзде азық сатып алу үшін банкке кепілдіксіз, астық алу үшін құс фабрикаларының мемлекеттен айналым қаражатына қол жеткізуін қамтамасыз етуді сұрайды.
«Жем - шөп бағасының, атап айтқанда, астықтың ең төмен бағасы – егін жиналған кезде, қыркүйек-қазан айларында болады. Егер құс фабрикалары жемді жарты жылға немесе бір жылға алдын ала сатып ала алса, онда олар жұмыртқа құнын белгілеп тұрақты ұстап, жұмыртқа бағасын төмендете алар еді. Жыл сайын біз мемлекеттен құс фабрикаларына жем-шөп сатып алу үшін айналым қаражатын бөлуді сұраймыз, бірақ әзірге нәтиже болмай отыр. Бұл жұмыс схемасы және оны құс фабрикаларына пайыздық мөлшерлемемен айналым капиталын беру ретінде жүзеге асыруға болады», - деді Максим Божко.
Сонымен қатар, құс өсірушілер құс тұмауына қарсы вакцинацияны субсидиялауды енгізуді ұсынуда, өндірілген әр жұмыртқаға 3 теңге көлемінде субсидияны қайтаруды сұрайды. 2020 жылдан бастап бұл субсидия екі есе қысқарды, ал 2022 жылдан бастап тауық жұмыртқасын өндіруге арналған мемлекеттік субсидияны толығымен алып тастау жоспарлануда. Өндірушілердің айтуынша, мемлекеттік қолдауды алып тастау бағаның тағы да өсуіне әкеледі.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен Қазақстанның Құс өсірушілер одағы тауық жұмыртқасы бағасының құбылмалылығын барынша төмендету бойынша ұсыныстарды дайындап, БҚДА-ға жібереді деп келісті. Барлық ұсынылған материалдар Агенттікте әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде қаралатын болады.