27 августа 2021 Қазақстан

Фермерлерге құрғақшылықтан сақтандыру үшін 729 млн теңге төленді

Қазақстанда құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге сақтандыру төлемдері жүргізілуде. Жалпы 729 млн теңге төленді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Құрғақшылық фактілері Qoldau.kz сайтындағы Agroinsurance жүйесімен жерсеріктік деректер бойынша автоматты түрде тіркеледі. Сақтандыру өсімдіктердің, дақылдардың даму кезеңінің үш фазасы бойынша жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде нақтылағандай, топырақтың ылғалдылық тапшылығы индексін сақтандырудың 32 шарты бойынша бес өңірдің (Ақмола, ШҚО, Қостанай, Павлодар, СҚО) фермерлері аталған төлемді алды. Төлемдердің жалпы сомасы 190,5 млн теңгені құрады.

Екінші кезең бойынша жасалған 38 сақтандыру шарты бойынша төлемдерді үш өңірдің Ақмола, Қостанай, СҚО және Нұр-Сұлтан фермерлері алды. Сақтандыру компаниялары 314,1 млн теңге төледі.

Үшінші кезең бойынша 56 сақтандыру шарты бойынша төлемдерді бес өңірдің (Ақмола, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары) фермерлері алады. Сақтандыру компаниялары 224,4 млн теңге көлемінде төлем төледі.

Тақырыпқа байланысты оқуЕгістік алқаптарды құрғақшылықтан сақтандырған «Шаңырақ» компаниясы 158 млн теңге төлем алады

«Жалпы, сақтандыру төлемдерінің сомасы барлық фазалар бойынша 729 млн теңгені құрайды. Төлемдер фермерлердің сақтандыру полистерін сатып алу шығындарынан 565,5 млн теңгеге асып түсті», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылы сақтандыру компанияларымен жеті өңірде және елордада 121,3 мың гектар алаңдағы топырақтың ылғалдылық тапшылығы бойынша индекстік сақтандыру аясында 100 шарт жасалды. Аталған шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 319 млн теңгені құрады, оның 159,5 млн теңгесін фермерлер төледі және 159,5 теңге субсидия ретінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төледі.