Magnum әлеуметтік өнімдерге қосылатын үстеме бағаны 10% -ға дейін төмендетеді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Magnum Cash @ Carry» ЖШС монополияға қарсы комплаенске қол қойды, аталған шара барысында сауда желісі бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің үстеме құнын 15% -дан 10% -ға дейін төмендету туралы ерікті міндеттемелер алды. Сондай-ақ, компания әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жеткізушілерге ақы төлеуді тауарларды жеткізген сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей жүргізетін болады. Бұл туралы БДҚА баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сауда желісі өз еркімен 1 санатты жұмыртқа, қарақұмық, сиыр еті, қырыққабат, картоп, сәбіз және пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 7 түріне шекті сауда үстемесін 10% -ға дейін белгілеу туралы шешім қабылдады. Қалған 12 өнімнің түріне сауда желісі үстеме бағаның 15% мөлшерін өндірушінің неғұрлым төмен беруіне немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасындай етіп сатуға міндеттеме алды.

Сонымен қатар, сауда желісіне өнімдер жеткізілгеннен кейін 30 күннен кешіктірмей тауарға ақы төлеу туралы сауда желісі жеткізушілермен келісім шартқа енгізуге міндеттенді. Монополияға қарсы комплаенс 27 тамызда күшіне енеді.

Тақырыпқа байланысты оқуБаға өскен кезде өндіруші емес, ортадағы делдалдар пайда табуда

Баспасөз қызметі түсіндіріп өткендей, монополияға қарсы комплаенс - компания бәсекелестік заңнаманы бұзуды болдырмау үшін қабылдап жатқан шаралар кешені болып табылады, адал бәсекелестік саясатын жүргізу және ережелер мен шарттарды айқындайды. БДҚА жасалған келісім шеңберінде Magnum Cash @ Carry өзіне картельдерге қатысуға жол бермеу, бағаларды белгілеу және қолдау, белгілі бір сатушылармен немесе тапсырыс берушілермен келісім жасасудан бас тарту, басқа нарық субъектілері арасында бәсекелестікті шектеуге әкелуі мүмкін келісімдерді жасамау керектігі туралы міндеттемелерді қабылдады.

Бұл ретте қол қойылған акт сауда желісі үшін қандай да бір материалдық және басқа артықшылықтар бермейді және барлық жауапкершіліктен босатпайды, елдің бәсекелестік заңнамасын сақтау керектігін талап етеді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.