Топырақтағы ылғал маусым айының соңына дейін жетеді-пікір
Топырақтағы ылғал қоры шамамен маусым айының соңына дейін жетеді, ал жаз мезігілінің ортасына қарай жауын қажет, дейді сарапшылар.Бұл ақпарат ElDala.kz материалында жарияланды.
Егер қажет кезде жаңбыр жаумаса, алғашқы кезде түскен ылғал дақылды тез қуратады. Себебі, өсімдіктер жаңбырдың әсерінен қарқынды өсіп, олар құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Үлкен аймақта дақылдың жапырақтары көп болған сайын, олар сұйықтықты тез жоғалтады.
— Дәл осындай жағдай 1974 жылы болған еді, деп есіне алды А.Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының ғылыми бөлім жетекшісі Николай Ющенко. — Сол кезде қолайлы көктемнен кейін, жазда жауын-шашын тапшылығы болған еді. Сондықтан бізге шілдеде жауын-шашын өте қажет. Ол уақыттағы ауа райына егіннің көлемі мен сапасы байланысты, себебі дәнді дақылдардың масағын шабу кезеңі басталады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы көктемде Қазақстанда топырақтың ылғалдылығы өте жақсы болды. Жауын — шашын көлемі орташа деңгейде көпжылдық нормадан екі есе артық болды. Мысалы, Қарағанды облысында қыста 288 миллиметр қар түсті, ал әдеттегі қалыпты көрсеткіш 122. Қостанай облысынан Шығыс Қазақстан облыстарына дейінгі елдің барлық аграрлық белдеуі бойынша жағдай осындай жақсы.