Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Атамекенде «алаңнан дүкен сөресіне дейін» бастамасын жүзеге асыру жайы айтылды
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ҚР Президентінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату тізбегіне жеке шаруашылықтарды қатыстыру туралы тапсырмасы қалай жүзеге асатындығы жайлы айтып берді.
«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын толықтай қолдаймыз және оны тиімді түрде жүзеге асыру үшін: сауда қажеттілігінен, яғни сұраныстан кооперациялық тізбекті құруды ұсынамыз. Сауда барысында керекті азық - түлік тауарларының көлемі мен сапасы анықталады, ал өңдеуші кәсіпорындар мен ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары шағын ШФҚ мен ЖҚҚ шикізатына «тапсырыс береді», — деп жазды Э.Жұмағазиев Facebook-та.
Оның пікірінше, сауда компанияларына қаражат айналымы үшін жеңілдікпен несиелер беру және сауда желілерімен, дүкендермен, азық-түлік тауарларын өндірушілермен келісім-шарт жасау есебінен "форвардтық сатып алу" тетігін енгізу қажет.
«Атамекеннің» тағы бір ұсынысы-шарттарды, ұсақ шаруа қожалықтарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациялық тізбектерін құру және олардың міндеттемелерін қарастыру.
Сонымен бір мезгілде кооперациялық тізбектің барлық қатысушыларына кепілдендірудің нақты тетіктерін енгізе отырып жеңілдікпен кредит берумен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік даму институттарын қолдаудың, оның ішінде сауда операцияларын сақтандырудың барлық құралдарын іске қосу керек.
«Аталған шаралардан басқа, нормативтік құқықтық актілерге «дұрыс протекционизм» (форвардтық сатып алу тек қана отандық азық — түлік тауарларына таратылуы тиіс) енгізу қажет, ӘКК-нің сауда компанияларын несиелендіруге қатысуы бойынша «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейту деген бөлігінде нақты түзетулер енгізу керек», — деп есептейді Эльдар Жұмағазиев.
Ол сондай-ақ өңірлерде егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажеттігін айтты және шағын ШФҚ мен ЖҚҚ айналысатын ауыл шаруашылығы шикізатының қандай түрлерін экономикалық айналымға қатыстыруға болатынын анықтау керектігін, сондай-ақ олардың өндіріс көлемін болашақта арттыру жөніндегі перспективаларды талқылау керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, «Бастау» Ұлттық Палатасы бағдарламасы бойынша оқу және несие беру жалғасады.
Жалпы, Палата Басқарма төрағасының орынбасарының айтуы бойынша, «Атамекен» бірнеше жылдан бері ауыл тұрғындарын «алаңнан дүкен сөрелеріне дейін» қағидаты бойынша тізбекті құру мәселесімен айналысатынын атап өтті. 2017 жылдан бастап "Еңбек" бағдарламасы аясында 118 мыңнан астам жұмыссыз жүргендер және ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқытылды.Оның ішінде 30 мыңнан астамы қаржыландыру алды, ал оның 93 пайызы салық төлейді.
Үкіметпен және әкімдіктермен бірге ел арасында скрининг жүргізілді, оның аясында 2,2 млн үй шаруашылығының өкілдері сауалдарға жауап берді. Осылайша деректер базасы жинақталған, оны талдау арқылы халық сұранысы қандай екенін білуге болады, соған қарай қай жерде, қандай бизнесті ашып дамыту туралы анықтауға мүмкіндік бар.
«Осындай жұмыстарды іске асыру арқылы көптеген облыстық басқармалар мен аудандық әкімдіктер, сауда желілері мен супермаркеттер, тауар өндірушілер мен белсенді азаматтарды қатыстырып жұмыспен қамтуға болады. Сонымен бірге ӘКК, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының көмегі қажет. Ең басты мақсат-өнімді дайындап, тауарды фермердің алқабынан супермаркет сөресіне дейін жеткізу. Аталған жол оңай емес, бірақ бизнес үшін, кәсіп үшін сату тізбектері құрылады және отбасылар үшін қосымша табыс көзі ашылады. Іс жүзінде фермерлер мен шаруа қожалықтарының орта класын құру осыдан басталады!» — деп қорытындылады Эльдар Жұмағазиев.
Жақында төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 1 млн 700 мың жеке қосалқы шаруашылық бар екенін айтты, алайда олардың өнімдері сауда нысандары арқылы ресми түрде сатылмайтынын және қайта өңдеу кәсіпорындарына түспейтінін ескертті. Мемлекет олардан салық алмайды, мұндай шаруашылықтарда жұмыс істейтін еңбеккерлер әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» ҰКП-пен бірлесіп, бірнеше өңірде «алаңнан дүкен сөресіне дейін» қағидаты бойынша ауылдардағы кооперациялық тізбекті дамытудың пилоттық жобасын іске қосуды тапсырды.