Жумағазиев Эльдар Тынышбайұлы

Жумағазиев Эльдар Тынышбайұлы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары
783
Жасы: 51 жаста

Facebook-тегі профилі

Эльдар Жумағазиев Атырау облысында дүниеге келді.

Білімі

1996 ж. — Атырау мұнай және газ институтын «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірді. 2007 ж. — Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын «саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Эльдар Жумағазиев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Эльдара Жумағазиевтің карьерасы

2001-2002 жылдары — «Итера» директоры.

2002-2006 жылдары — жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы, Атырау облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2011 жылдары — «Атырау-Ақпарат» КМК өңірлік медиахолдинг басшысы.

2011-2012 жылдары — Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.

2014-2016 жылдары — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі.

2016-2017 жылдары — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары.

2017 ж. қаңтардан бастап — Эльдар Жумагазиев «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары – басқарма.

Наградалары мен атақтары

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы.

Медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл».

Цитаталары

«АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы келесі жылға дейін жарамды және сәйкесінше жуық арада жаңа бағдарламаны әзірлеуді бастау қажет. Оның шеңберінде субсидиялардың тиімділігін анықтап, субсидиялаудың белгілі бір әдестемесін әзірлеу, шаруалардың агробіліктілігін арттыру, ары қарай тыйымды алып тастау үшін ауыл шаруашылығы малын бақылауды жолға қою, және АӨК шеңберінде басқа да жүйелі мәселелерді шешіп алған жөн» (2020 ж. маусым)

«Біз салық заңнамасына қант, мақта, мата өңдеу, кондитерлік өндірістер, сондай-ақ ашытқы өндірушілері үшін ҚҚС бойынша 70% жеңілдік ұсыну бөлігінде өзгерістер енгізудеміз, бұл кәсіпорындарға босатылған қаражатты әрі қарай дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді және қант қызылшасын, мақта өсіретін шамамен 20 мың фермерге кепілді өткізуді қамтамасыз етеді» (2020 ж. маусым)

«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын толықтай қолдаймыз және оны тиімді түрде жүзеге асыру үшін: сауда қажеттілігінен, яғни сұраныстан кооперациялық тізбекті құруды ұсынамыз. Сауда барысында керекті азық - түлік тауарларының көлемі мен сапасы анықталады, ал өңдеуші кәсіпорындар мен ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары шағын ШФҚ мен ЖҚҚ шикізатына «тапсырыс береді» (2020 ж. мамыр)

«Осындай жұмыстарды іске асыру арқылы көптеген облыстық басқармалар мен аудандық әкімдіктер, сауда желілері мен супермаркеттер, тауар өндірушілер мен белсенді азаматтарды қатыстырып жұмыспен қамтуға болады. Сонымен бірге ӘКК, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының көмегі қажет. Ең басты мақсат-өнімді дайындап, тауарды фермердің алқабынан супермаркет сөресіне дейін жеткізу. Аталған жол оңай емес, бірақ бизнес үшін, кәсіп үшін сату тізбектері құрылады және отбасылар үшін қосымша табыс көзі ашылады. Іс жүзінде фермерлер мен шаруа қожалықтарының орта класын құру осыдан басталады» (2020 ж. мамыр) 

Отбасы

Эльдар Жумағазиев үйленген, бала-шағалы.

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021