ҚР-да 6 қыркүйекте күнбағыс экспортына квоталар қолданыла бастайды
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды. Квоталар 2022 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.
Аталған Бұйрыққа сәйкес, 15 мың тонна көлемінде шектеу салынады:
- егу үшін ұсақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары;
- ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыстың өзге де тұқымдары.
- 32 мың тонна көлеміндегі квоталар:
- таза көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы орамдарда тазартылмаған күнбағыс шикі майы;
- таза көлемі 10 литр немесе одан кем бастапқы орамадағы өзге де күнбағыс майы немесе оның фракциялары;
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ майлы дақылдар мен қарақұмық өткізген өндірушілерге субсидия беріледі
Бекітілген көлемге байланысты сандық шектеулерді бөлу қағидалары ай сайын, есепті ай басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті органға тауардың әрбір түрі бойынша өндірудің, тұтынудың, қорлардың және экспорттың жоспарланған көлемі туралы шоғырландырылған ақпаратты ұсынады.
Уәкілетті орган өндірістің, тұтынудың және қорлардың болуының теңгерімін негізге ала отырып, ай сайын есепті ай басталғанға дейін 12 жұмыс күнінен кешіктірмей тауарлардың әрбір түрі бойынша ақпаратты есептейді және ресми интернет-ресурста жариялайды.
Квотаны бөлуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар тіркелген бағалар бойынша тауарлардың белгілі бір санының ішкі нарыққа кепілдік берілген жеткізілімдері туралы міндеттемелер болған жағдайда жіберіледі.
Қабылданған міндеттемелерді орындамауға жол берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар бұдан әрі квоталарды бөлуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Тауардың атауы* |
Квота мөлшері, тонна |
Мерзімі |
1206 00 100 0 |
Себуге арналған ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс тұқымдары |
15 000 |
|
1206 00 990 0 |
Ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыстың өзге де тұқымдары |
2022 жылдың 1 ақпанына дейін |
|
1512 11 910 1** |
Таза көлемі 10 литр немесе одан кем бастапқы қаптамаларда тазартылмаған күнбағыс шикі майы |
32 000 |
|
1512 11 910 9** |
Таза көлемі 10 литрден астам бастапқы орамдарда тазартылмаған күнбағыс шикі майы |
||
1512 19 900 2** |
Таза көлемі 10 литр немесе одан кем бастапқы орамадағы өзге де күнбағыс майы немесе оның фракциялары |
||
1512 19 900 9** |
Тазартылған немесе тазартылмаған күнбағыс майы және оның фракциялары |
* Сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен ғана айқындалады.
* * Сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап ҚР-да астық және шрот экспортына квоталар енгізіледі