Қазақстанның астық консорциумы Gulfood 2026-ға қатысады
Қазақстандық өндірушілер 26-30 қаңтарда Дубайда (БАӘ) өтетін Gulfood 2026 Халықаралық тамақ өнеркәсібі көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында - Қазақстанның астық консорциумы (ҚАК) бар.
«Қазақстанның астық консорциумы үшін отандық агросектордың әлеуетін көрсетіп, шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстарды нығайта отырып, халықаралық аренада ел атынан өкілдік ету үлкен мәртебе», - деп компанияда хабарлады.
ҚАК - Қазақстанның ірі агрохолдингтерінің бірі. Компаниялар тобы дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдарды өсірумен, ІҚМ, ұсақ мал, жылқы өсірумен, астықты сақтаумен және өңдеумен, өсімдік шаруашылығы мен қайта өңдеу өнімдерін трейдингпен айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, Gulfood 2026-ға Ақмола облысынан келген мәрмәр етін өндіруші қазақстандық KazBeef Processing қатысады.
Өз кезегінде QazTrade көрмеде Қазақстанның ұлттық стендін ұйымдастырады. Отандық өндірушілер дәнді дақылдар мен астықты терең өңдеу өнімдерін, ұн мен макарон өнімдерін, өсімдік майлары мен май-тоңмай өнімдерін, ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ кондитерлік өнімдерді, сусындарды ұсынады.
Gulfood - әлемдегі ең ірі тамақ өнеркәсібі көрмесі. Ағымдағы жылы оған 195 елден 8,5 мыңнан астам компания қатысады. Мұнда 1,5 млн-нан астам өнім атауы ұсынылады.