03 апреля 2020 Әлем

10 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдері қарақұмық, соя, қара бидай және күнбағысты экспортқа шығармайды

2020 жылдың 10 сәуірінен  бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдері сыртқа шығармайтын азық түлік тауарларының ішінде қарақұмық, соя, қара бидай, күнбағыс және тағы басқа өнімдер бар.  Мұндай  шешім  ЕЭК отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Мәжіліс барысында  Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кейбір азық –түлік тауарларын сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынған.  Оның орнына «екінші пакет» шарасы қолданылу ұсынылды. Олардың арасында жоғарыда аталғандардан басқа- пияз, сарымсақ, шалқан, күріш, тары, жарма, ірі тартылған ұн және дәнді дақылдардан жасалған қарақұмық дәндері, қарақұмықтан жасалған дайын тамақ өнімдері бар. Оларды 30 маусымға дейін  шығаруға тыйым салынады.

Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда

Аталған тыйым салу шарасы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қиын кезде халықты осындай тауарлармен  жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін ЕЭК-те бірқатар шаралар қабылданды, олардың мақсаты ― COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына басты назар аудару. Қабылданған шешімдер ЕАЭО-дағы экономикалық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі. 16 наурызда КО аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және ол үшін  импортталатын тауарларды әкелуде кедендік баж салығынан босату туралы шешім қабылданды. 24 наурызда ЕЭО-дан жеке қорғану құралдарын, қорғаныш және дезинфекциялау құралдарын және медициналық мақсаттағы өнімдерді шығаруға уақытша тыйым салынды.

Сонымен қатар, Одаққа салықсыз кіргізуге болатын тауарлардың тізімі қарасытырылуда. Бұл тізімге  азық-түлік түрлері және ең қажетті деген заттар, шикізат өнімдері де кіруі мүмкін.