13 апреля 2020 Ұн

Қазақстан қаңтар айында ұн өндірісі бойынша ЕАЭО елдері арасында екінші орында тұр

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2020 жылдың қаңтар айында ЕАЭО елдерінде ұн өндіру көлемі  1,21 млн тоннаны құрады.

Ең көп ұн өндіруші Ресей, онда 703,5 мың тонна, ал екінші орында 249 мың тонна өндіріп Қазақстан орналасты.  

Аутсайдерде –қырғызстандық ұн шығарушылар тұр (9,7 мың. т).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің 2020 жыл 2 сәуірдегі № 111  «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық бойынша, ішкі нарықты кейбір өнімдермен қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу қойылған. Атап айтқанда, жұмсақ бидай мен майлы дақылдар, бидай-сұлы ұнының экспорты үшін 2020 жылдың сәуір айына квота мөлшері  белгіленді. Аталған мерзімге, яғни 2020 жылдың сәуір айына бидай экспортына 200 мың. т., ал ұн экспортына берілетін квота-70 мың. т. Алайда бидай мөлшері экспортқа берілетін квота көлемі бойынша есептеледі және ол 30 % құрайды, бидай-60 мың т. және ұн экспортына квота-21 мың т. құрайды.

Тақырыпты оқу: Ұн өндірушілер қазақстандық ұнға салынған квотаға қарсы