09 апреля 2021 Ауылшаруашылық техникалары

ҚАҚ ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға 43,1 млрд теңге бөлді

Жыл басынан бері Қазақстан фермерлері 2 мыңнан астам  ауыл шаруашылық техникасын сатып алу үшін ҚазАгроҚаржы (ҚАҚ «Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорны) компаниясымен қаржылық лизинг туралы шарт жасасты. Бұл туралы ҚАӨ баспасөз қызметінде хабарлады.

«Ағымдағы жылы көктемгі егін егу және егін жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында  43,1 млрд теңгеге (2139 бірлік ауыл шаруашылық техникасы) қаржылық лизинг алу үшін шарттар жасалды, оның 32,2 млрд теңгесі (1 583 бірлік ауыл шаруашылық техникасы) көктемгі егіс жұмыстарына арналған» , - деп хабарлады компаниядан.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстанда суаруға арналған Valley техникасы шығарыла бастайды

Атап айтқанда, ҚазАгроҚаржы 100 комбайн, 135 тұқым себу техникасын және 806 трактор сатып алуды қаржыландырды.

Сонымен бірге, «Атамекен» ҰКП қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің лизингке деген жылдық қажеттілігі 750 млрд.теңгеге бағалап отыр. Яғни, қазіргі уақытта ҚАҚ сұраныстың тек 5% қанағаттандыра алады.

2020 жылы ҚАҚ 110 млрд теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландырды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл шаруашылық техникаларын шығару саласы да дамып келеді. Өткен жылы техника жасау 98% болып артты.